қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2023

Абай университетінің профессоры Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс оқыды

 

2023 жылдың 8 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкалық білім және психология кафедрасының шақыруымен «Дипломдық жұмысты дайындау және қорғау технологиясы (студенттерге арналған)» оқу құралының авторы ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Лора Нарикбаевамен кездесу-дәріс өтті. Кездесуде профессор музыкалық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және дипломдық жұмысты жазудың және қорғауға дайындаудың тиімді әдістері туралы дәріс жүргізді. Профессор дипломдық жұмыстар мен жобаларды жазудағы жийі кездесетін қателіктерге, оларды жеңу жолдарына, жұмыс нәтижелерін сәтті қорғауға ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар бүгінгі таңда өзекті көмегінің құралдарын жасанды интеллекті пайдалана отырып, зерттеу ақпаратпен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берілді. Кездесу соңында профессор түлектердің сұрақтарына жауап берді.

 

  alt=  




Кері оралу