қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2024

Музыкалық білім беру кафедрасының дәріс-концерті

 

2024 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігі аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының Музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Лора Нарикбаеваның ұйымдастыруымен «Болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудағы цифрлық технологиялар» тақырыбында дәріс-концерт түріндегі іс-шара өтті.

 

«6В/7В01402-Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары мен 2 курс студенттерінің қатысуымен өткен шарада Лора Нарикбаева «Музыкалық білім берудегі жасанды интеллекті», 1 курс магистрі Наргис Батырбаева «Болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудағы цифрлық технологиялары» тақырыптарында баяндама жасап, соңы фортепиано сыныбындағы 11 студенттің орындаушылық концертіне ұласты.

 

Жоғары эмоционалды деңгейінде өткен дәріс-концерттің айрықша ерекшелігі - электронды және мультимедиялық музыкалық технологияларды қолдана отырып студенттердің орындауындағы классикалық және заманауи композиторлардың фортепианолық шығармаларынан (виртуалды оркестрмен цифрлық фортепианода орындау, шығармалардың аранжировкасы, бейне және әдеби сүйемелдеу) қызықты бағдарлама болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу