Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы | Басты / Факультеттер / Өнер факультеті / Кафедралар / Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы / Жаңалықтар
21.05.2024
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: УНИВЕРСИТЕТ МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІСІ
2024 жылдың 20-21 мамырында №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында «Эстетикалық тәрбие – білім берудегі заманауи бағдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осындай іс-шараның бастамашысы тағы да Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялар мен инновациялар ғылыми-әдістемелік орталығы» Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Педагогика» және «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің «Музыка» кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамымен және Алматы қаласының мұғалімдердің өздерімен тығыз ынтымақтастықта болды. Пленарлық отырысқа білім басқармасының «Жаңа технологиялар орталығының» әдіскері, Светлана Шапкина, профессор, п.ғ.д. Гүлмира Саудабаева, №176 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі, Музыка мұғалімдері қауымдастығының президенті Жеңіскүл Маханбетова, «Өрлеу» ұйымының өкілі Фатима Нарсейітова, №121 гимназияның музыка пәнінің мұғалімі Ардақ Әбілдаева және Қырғызстаннан келген қонақ, проректор Азизбек Батыров және басқа да спикерлер қатысты. Концерттік бағдарламаға №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясының қатысушылары дәстүрлі концерттік нөмірлерімен (№175 гимназияның музыка мұғалімі, жетекшісі Гүлзаман Әмірова), сондай-ақ музыка мұғалімдерінен құралған топтар: қазақ халық музыкалық аспаптар оркестрі (жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі Сәмен Ізекенов) және Алматы қалалық хоры (жетекшісі және дирижері Қарлығаш Төлегенова) қатысып, өз нөмірлерін ұсынды. Конференция бағдарламасы 4 секциядан тұрды. «Технология өркениет жағдайында эстетикалық тәрбиенің трансформациялары» 1-секциясының модераторы №63 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Лейла Рыспаева болды «Мектеп оқушыларына көркемдік-эстетикалық тәрбие беру мазмұның базалық пәндермен интеграциялау» 2-секцияның модераторы педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор м.а. Лаура Какимова жұргізді. «Сынып жетекшінің оқушыларға кәсіби-бағыт-бағдар берудегі маңызды қадам» атты үшінші секцияны Қазақ ұлттық университетінің доценті Сандугаш Сансызбаева атқарды. Ал, 4-ші секцияны «Жаһандану дәуірінде білім берудегі креативті менеджменттің перспективалары» п.ғ.к., Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің аға оқытушысы Рысжан Рыспековаға жүргізуі тапсырылды. Конференцияны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылардың жемісті жұмысы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі конференция материалдарының жарияланымы болды. Салтанатты шарада секциялар басталмас бұрын қызыл лентаны салтанатты түрде қию рәсімі өтті. Конференцияға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді және конференция материалдарының жинағы берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың музыкалық білім беру кафедрасының өкілі Лаура Какимова да өз үлесін қосты. Ол барлық конференцияға қатысушыларды құттықтап, Абай атындағы ҚазҰПУ өнер факультеті атынан алғыс хаттар тапсырып, ол ұйымдастырушылардың еңбегін атап өтті. Бұл қазірдің өзінде екінші шара; музыка пәні мұғалімдерінің бастамасымен халықаралық деңгейдегі конференция өтіп жатыр», - деді ол тыңдармандар алдында сөйлеген сөзінде. Бұл мектептегі білім беруде эстетикалық сипаттағы мұғалімдерге тән емес ғылыми іс-әрекеттің танымал бола бастағанын көрсетеді, өйткені оның басты сипаты тек шығармашылық бағыт болған еді. Конференция қорытындысы бойынша осы іс-шараға байланысты алғыс сөздер айтылып, мектептегі білім берудің оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша одан әрі ұсыныстар айтылып, университет пен мектеп арасындағы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан одан әрі ынтымақтастыққа тілектер айтылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|