Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы | Басты / Факультеттер / Өнер факультеті / Кафедралар / Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы / Жаңалықтар
01.07.2024
Abai university және «Өрлеу» АҚ ынтымақтастық шеңберіндегі кәсіби жетілдік курстар
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы Біліктілікті арттыру институты 2024 жылдың 17 маусымы мен 28 маусымы аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Лаура Кәкімованы шақыртып, ол бекітілген білім беру бағдарламасы бойынша «Музыка мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында музыка пәнінің мұғалімдеріне семинарларды өткізді. Бағдарламаның мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру үдерісінде заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін қолдану арқылы музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Бұл курс 4 модульден тұрады. Ол білім сапасын арттыру жағдайында оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру, дамыту және тәрбиелеу, музыка мұғалімдерінің ІТ құзыреттілігі мен цифрлық сауаттылығын дамыту және т.б. тақырыптардан құралған. Курс тыңдаушылары музыканы оқытудың жаңа интерактивті әдістеріне сүйене отырып, «Музыка» пәнінің мазмұны бойынша білімдерін тереңдетіп, музыка сабағында мектеп оқушыларының жобалық әрекеттерін ұйымдастыруды үйренді. Материалды бекіту үшін курс бағдарламасында қарастырылған 6 сағаттық практикалық семинарлар Abai University қабырғасында өткізілді. Тыңдаушылар музыкалық білім және хореография кафедрасында, өнер факультетінің аудиторияларында, университет мұражайында болды; кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен әңгімелесіп, жақсы әсер алды. Курс тыңдаушыларының арасында факультеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Біліктілікті арттыру курсына Алматы облысының әр өңірінен 25 тыңдаушыдан тұратын музыка пәнінің мұғалімдері қатысты. Олар 28 маусымда курсты аяқтаған соң 80 сағаттық сертификатқа ие болды. Курстағы екі апталық оқу барысында көптеген мұғалімдер шығармашылық одақтарын нығайтып, педагогикалық тәжірибелерімен және шығармашылық дамуларымен бөлісіп достасты. Жалпы айтқанда, аталған курс кәсіби өсу және болашақ музыка сабақтарында шығармашылық идеяларды ашу үшін өте пайдалы болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|