қазақша · русский · english
 
 
 
05.11.2024

Жас музыка пәні мұғалімдердің арасындағы республикалық конкурс 


2024 жылдың 30-31 қазаны аралығында Абай университетінің Өнер факультетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі № 345 ЖТН AP23488786 «Артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені заманауи контентте» ғылыми жобасын іске асыру аясында жас музыка пәні мұғалімдері арасында «Өнерлі ұстаз - мәдени жады мен ұлттық құндылықтардың кілті» республикалық конкурс өтті.

 

Конкурс өткізудің басты мақсаты - музыка пәні мұғалімінің кәсіби даярлығының сапалық деңгейін арттыру және заманауи контенттегі мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені арқылы музыкалық білім берудің отандық педагогикасының үздік дәстүрлерін, интегративті білімді, қазақ халқының музыкалық мұрасына қызығушылықты қолдану болды. Конкурсқа республиканың 40 жастан аспаған және жалпы білім беретін мектепте 5 жылдан аспайтын еңбек өтілі бар жас музыка мұғалімдері қатысты.

 

Конкурсты басшылықты ғылыми жоба мүшелері, Абай университетінің музыкалық білім және хореография, дизайн кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы (жоба жетекшісі Лаура Какимова; жобаның мүшелері - Акмарал Сманова, Камарсулу Ибраева, Светлана Балагазова, Еркежан Омарова, Жанболат Кошербаев, Нұржан Касимов) ұйымдастырды.

 

Конкурстың бірінші іріктеу кезеңі өңірлерде 2024 жылғы 15 қазанға дейін өткізілді. Білім басқармасының шешімімен іріктеу турының жеңімпаздары республикалық турға жолдама алды. Екінші тур - республикалық деңгейде Абай университетінде өткізілді.

 

Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар келесі марапаттарға ұсынылды:

Бас жүлдені Алматы қаласы Алатау ауданының № 196 мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Әлімжан Әділжан Икрамжанұлы жеңіп алды. I дәрежелі диплом Алматы қаласындағы № 97 мектеп-гимназиясының музыка мұғалімі Жандос Жолдыбайұлы Асқаровқа берілді. II дәрежелі дипломдармен Алматы қаласы мен Ақтау қаласының қатысушылары бөлісті: Тілеубеков Мағжан Әнуарбекұлы - музыка мұғалімі, Алматы қаласындағы № 206 мектеп-гимназияның педагог-модераторы және Жұмалиев Ақылбек Қарасайұлы - Маңғыстаудан № 13 гимназияның музыка мұғалімі. III дәрежелі дипломдармен Астана қаласының International Shool Zerdeli музыка мұғалімі Каримова Айнагүл және Алматы облысы Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінің музыка мұғалімі Әмірбек Рахымбай марапатталды.

 

Барлық қатысушылар мен қатысушылардың жетекшілеріне Абай университетінің дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу