қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2024

Абай университеті ғалымдарының теориялық-әдістемелік семинары 

 

2024 жылдың 7 мен 9 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультетінің оқытушы-музыканттары - Қ.Е. Ибраева мен С.Т. Балағазова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ҚР ҒжЖБ министрлігінің ғылыми жобасы мүшелерінің онлайн қатысуымен «Заманауи артбілім беру жүйесін трансдисциплинарлық тұрғыда зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар»  атты теориялық-әдістемелік семинар өткізді.

 

Теориялық-әдістемелік семинардың мақсаты - ҚР жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына ұлттық құндылықтарды интеграциялаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін әзірлеу.

 

Семинар М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім беру кафедра меңгерушісі п. ғ. д., профессор С.А. Жолдасбекованың құттықтау сөзімен ашылды.

 

Семинардың теориялық бөлімінде қоғамның мәдени кодын қалыптастырудағы ұлттық құндылықтар мәселелері, заманауи сән дизайнындағы қазақ ұлттық киімінің концепциясы, заманауи арт білім беру жүйесіндегі трансдисциплинарлық зерттеулердің негіздері және арт білім беруде ұлттық құндылықтармен жұмыс істеудің этикалық аспектілері талқыланды.

 

Жобаның әдістемелік тәсілдері мен тәжірибелік аспектілері «Хор сабағында қазақ халық музыкасын меңгерудің заманауи контентті (Б.Демеуов пен Ғ.Берекешовтің өңдеулері негізінде)» және «Қазақ фортепиано музыкасының ұлттық негіздері» атты С.Т Балағазова мен Қ.Е. Ибраеваның шеберлік сыныптарында көрініс тапты.

 

Семинарға қатысушылардың топтық жұмысы барысында ұлттық мәдени контексінде бірлескен өнер жобаларын жасау бойынша ынтымақтастықтың жолдары талқыланды.

 

Ғылыми-теориялық семинардың нәтижелері ретінде қатысушылардың трансдисциплинарлық тұрғыда түсініктерін тереңдетіп, заманауи арт білім беруде университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытып, педагогикалық ұжым мен студенттердің академиялық ұтқырлығы мен бірлескен оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар шығару мәселелері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу