қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2024

«Заманауи музыкалық білім, мәдениет және өнер саласының мәселелері мен болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


2024 жылдың 20 қарашасында Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Музыка және хореография» кафедрасында «Заманауи музыкалық білім, мәдениет және өнер саласының мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дан АР23488786 «Арт білім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені замануи контентте» ғылыми жобасының зерттеу тобының мүшелері: жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Лаура Какимова және музыкалық білім және хореография кафедрасының докторанты, магистр Нұржан Касимов белсенді қатысты.

 

Жобаның жетекшісі Лаура Какимова конференцияның пленарлық отырысында «Интегративті үрдістерді іске асырудың тәсілі ретінде арт білім беру жүйесіндегі трансдисциплинарлық зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.

 

Конференция жұмысында музыкалық білім беру педагогикасының келесі секциялар бойынша мәселелері, проблемалары мен перспективалары талқыланды:

 

1. Гуманитарлық, көркем және Музыкалық білім беру теориясы мен практикасы.

2.Қазіргі педагогикадағы дәстүрлер мен инновациялар.

3.Мәдениет және өнер: зерттеу, сақтау және даму тенденциялары.

4.Білім және ғылым: зерттеулер мен перспективалар.

 

Конференция дөңгелек үстелмен аяқталды, онда АР23488786 «Арт білім беру жүйесін трансдисциплинарлық зерттеу: мәдени жады мен ұлттық құндылықтар феномені замануи контентте» жобасының зерттеу тобының мүшелері ғылыми жобаны әзірлеуде және оған қатысуда өздерінің педагогикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибелерімен бөлісті, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Докторант Нұржан Касимовтың «Қазақ халық әндерінің заманауи хор өңдеулерін болашақ музыка мұғалімдерінің ұлттық құндылық бағдарларын қалыптастыру» тақырыбында баяндамасы зерттелетін тақырыптың практикалық шешімімен ерекшеленіп, оның нәтижесі музыкалық шығармаларды қазіргі заманғы өңдеумен болып табылады.     

 

Конференция мен дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарын ғылыми мақалалар ретінде шығару жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу