Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы | Басты / Факультеттер / Өнер факультеті / Кафедралар / Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы / Жаңалықтар
20.12.2024
Cтуденттер мен магистранттардың «Джаз музыкасы-бостандық және импровизация тілі» дәріс-концерті Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай фортепиано сыныбының студенттері мен магистранттары Музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Лора Нәрікбаеваның жетекшілігімен «Джаз музыкасы-Бостандық және импровизация тілі» тақырыбында бірегей дәріс - концерт ұйымдастырды. Концерттің мақсаты - джаздың бостандық пен шығармашылық көріністің символы ретіндегі мәдени маңыздылығын ашу, сондай-ақ жастар арасында музыкалық мұраны насихаттау болды.
Концерт бағдарламасына «Музыкалық білім беру» ББ 2 және 3 курс фортепиано сыныбының үздік студенттері қатысты (Арипжанов Ислам, Кумар Назым, Чонг Хон Джун (Корея), Ерулатов Акниет, Ераулет Улагат, Айтынбекова Аяулым, Еркінин Асель, Орынбасар Айтолкын, Хайратова Ляззат, Жумадил Томирис и др.). Студенттер виртуалды оркестрдің сүйемелдеуімен джаз пьесаларын орындады (А. Морозовтың аранжировкасы).
Бағдарлама соңында А.Пьяцоллдың 2 курс магистранттарының (Қыстаубаев Айдос, Батырбаева Наргис, Шмидт Инкар, Сайлауова Нұрсауле) орындауындағы «Libertango» атты музыкалық-цифрлық технологиялар аясындағы музыкалық-шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде синтезаторлар ансамблінде импровизация элементтері бар танымал туындысы орындалды.
Концерт студент-тыңдаушылар арасында эмоционалды жауап туғызды және білім беру үдерісі мен шығармашылық қызметті біріктірудің үлгісі болды. Сондай-ақ, жетекші Лора Нәрікбаева студенттердің - болашақ музыка мұғалімдерін аспаптық даярлау дәстүрі ретінде аттестаттаудың ағымдағы және қорытынды нысандарын тапсыру шеңберінде концерттік қойылымдарды дербес ұйымдастырудың осы форматын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Концертке шолу youtube арнасында
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|