қазақша · русский · english
 
 
 
03.11.2025

Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу

 

2025 жылдың 29-30 қазанында музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессор м.а., п.ғ.к. Ибраева К.Е. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты ұйымдастырған «ҚАЗІРГІ ЗАМАН МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУІ: ӘДІСТЕМЕ МЕН ТӘЖІРИБЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Республикалық семинарға қатысты.


Семинардың мақсаты - музыкалық педагогиканың қазіргі даму үрдістерін айқындау, музыка оқытудың тиімді формаларын талқылау.


Ибраева К.Е. «Мамандандырылған және балалар музыкалық мектептерінің педагогтарына арналған оқу материалдарын әзірлеудің әдістемелік аспектілері» атты пленарлық баяндамасында заманауи оқу-әдістемелік материалдарын құрастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері талданып, музыкалық білім беру педагогикасының басым бағыттары айқындалды.


Семинар барысында қатысушылар дарынды балалардың шығармашылық және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық тәсілдерді, дәстүрлі музыкалық оқыту әдістемесін заманауи технологиялармен ұштастыру жолдарын талқылады.


Семинардың қорытындысында қатысушыларға сертификаттар, ал спикерлерге алғыс хаттар табысталды.

 


  alt=   




Кері оралу