қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2018

Музыкалық білім беру және хореография

мұғалімдеріне арналған дәрістер

 

2018 жылдың 26 ​​қазан - 3 қараша аралығында педагогика ғылымдарының докторлары, музыкалық білім және хореография кафедрасының профессорлары Бекен Бекмұхамедов және Лора Нарикбаева Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты РУМТС шақыруы бойынша Алматы қаласындағы № 83 гимназия мектебінде «Қазақ халық аспаптарын оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында және № 4 балалар шығармашылық мектебінде «Ұстаздың шығармашылық және педагогикалық қызметі» тақырыбында ұйымдастырылған музыкалық бағытта қосымша білім берудің мұғалімдері үшін Республикалық біліктілікті арттыру курстарында дәрістер оқыды.


Дәрістер аясында талқыланған маңызды мәселелер:
- «Музыкалық білім мазмұнын дамыту және жаңартудың міндеттері мен келешегі»;
- «Балаларға қосымша музыкалық білім беру жүйесінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері;

- «Қосымша музыкалық білім беру жүйесінде заманауи педагогикалық технологиялар»;
- «Дарынды балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»;
- «Балалардың музыкалық қабілетінің диагностикасы»;
- «Шығармашылық балалар командасының жағдайында өзара әрекеттесу психологиясы»;
- «Музыкалық қосымша білім беру жүйесінде құзыретті-бағытталған білім беру»;

Профессорлар Бекен Бекмұхамедов және Лора Нарикбаева іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін және дәрістерді оқығандары үшін ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

 

  




Кері оралу