қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2018

Музыкалық Абайтану: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы
дөңгелек үстел


2018 жылдың 7 қарашасында «Туған ел» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру контекстінде Қазақстан композиторларының шығармаларын көркемдік-орындаушылық тұрғыдан зерттеудің этномәдени аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Бұл шараның мақсаты студенттерді қазақ халқының мәдени және көркемдік құндылықтарына тарту болды. Абайдың музыкалық және поэтикалық шығармашылығы - ұлттың және этностың мәдени коды.


Дөңгелек үстел Өнер, мәдениет және спорт институтында «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында өтті.


Модератор қызметін Музыкалық білім және хореография кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент ЛаураКакимова атқарды.


Дөңгелек үстелдің тақырыбы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру бойынша зерттеу жобасының тақырыбына сәйкес болғандықтан, іс-шараның қонақтары ретінде зерттеу жобасының мүшелері қатысты: зерттеу тобының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, Қожа Ахмед Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры - Роза Сыдықова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкалық білім беру және психология кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Камила Есудаулетова; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер және музыкалық білім беру және психология кафедрасының аға оқытушысы - Адалат Юсупова; Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы - Айжан Тобагабылова.


Студенттер Абайдың әндері мен романстарына арналған бейне конкурс тыңдады. Кафедра студенттері мен профессор-оқытушылары өздерінің пікірлерімен бөлісті: кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, м.а. профессор Камсарулу Ибраева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Меңсұлу Жексембекова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лора Нарикбаева және т.б.

 

   

 

   




Кері оралу