қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2018

«Ханзада мен Ханшайым» студенттік байқауы

 

2018 жылдың 17 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазМҚПУ, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері арасында «Ханзада мен Ханшайым» байқауы өтті.


Байқау Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Ляйля Қалиакбарованың және координатор аға оқытушы Дария Шабденованың бастамаларымен өткізілді.

 

Байқаудың мақсаты: студенттерді ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарға енгізу, сондай-ақ студенттердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру.

 

Біздің университетіміздің атынан «5В010600-Музыкалық білім» мамандығының бірінші курс студенттері Жания Бекенова мен Нұрқуат Сырым қатысты. Университеттен конкурстың әділқазы мүшесі п.ғ.к., қауым.профессор Светлана Балагазова болды.

 

Байқаудың барлық кезеңдерінде студенттеріміз «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, қазылар алқасы жоғары бағалап, құрметті 2 орынға ие болды.

 

«Ханзада мен Ханшайым» байқауының қатысушыларын Жания Бекенова мен Нұрқуат Сырымды табысты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу