қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2018

«Үкілі биші» қазақ биінің республикалық байқауы

 

2018 жылдың 6-7 желтоқсаны аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР халық әртісі Дәурен Әбіровтың 95 жылдығына арналған «Үкілі биші» қазақ биінің республикалық байқауы өтті.

 

Мақсаты: дарынды жастарды айқындап, демеу көрсету, қоғамның рухани жаңғыруы контекстінде қазақ би өнерінің дамуындағы жастардың шығармашылық әлеуетін ашу.

 

Байқауға 100-ден астам адам қатысты, соның ішінде: «5В040900 - ҚР ЖОО-ның хореография» мамандығының студенттері, колледждердің, мәдениет мекемелерінің, көркемөнер мектептерінің және т.б. шағын би топтары (2-5 адам) бар.

 

«Үкілі биші» қазақ биінің республикалық байқауы профессор Алмат Құмаржановтың қазақ халық билері негізінде қойылған Би прологымен ашылды. Байқаудың құрметті қонақтары Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Баймұрат Оспанов, ҚР Халық әртісі, Дәурен Әбіровтың қызы Камила Абирова, Алматы мемлекеттік мұрағатының бас сарапшысы Ләйлә Рахипова, Дәурен Әбіровтың шығармашылық мұрасы мен оның қазақ биінің дамуына қосқан үлесі туралы сөз сөйледі.

 

Қазылар алқасы құрамында Қазақстанның жетекші педагог-хореографтары жұмыс атқарды: Людмила Кремер - КазМемҚызПУ профессоры; Әлпеш Күлсеитова Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы; Ольга Привалова - ТарМПУ доценті; Бегзат Агияр - ҚР мәдениет үздігі, «Алтынай» Мемлекеттік халық би ансамблінің солисі, Халықаралық конкурстардың лауреаты (Талдықорған қаласы); Нұрбек Ботатаев - «Достар» Халықаралық мектеп-лицейінің оқытушы - хореографы, республикалық байқаулардың жеңімпазы.


Байқау аясында музыкалық білім және хореография кафедрасының профессоры Алмат Құмаржановтың қазақ биінен шеберлік сыныбы өтті. Оған «5В040900-Хореография» мамандығының 1-2 курс студенттері мен Қазақстанның алты аймағынан байқауға қатысушылардың жетекшілері пікір алмасып, жылы лебіздерін жеткізді.

 

Байқау нәтижелері бойынша бас жүлдемен (Гран-при) «Аққу» ансамблі (Ақтөбе қаласы) марапатталды, 1 орын Елебеков атындағы РЭЦК ансамблі, 2 орын - Абай атындағы ҚазҰПУ ансамблі; ҚазМемҚызПУ-нің «Томирис» ансамблі; 3 орын - ТарМПУ, ҚазҰАУ, Ақтау өнер мектебінің би ансамблдері марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу