қазақша · русский · english
 
 
 
21.12.2018

Шетелдік студенттер концерті

 

2018 жылдың 14 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтында «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Музыкалық білім және хореография» кафедрасы шетелдік студенттерінің «Әлемнің бірлігі» концерті өтті.


Концерттің алдында «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлыққа жауап беретін, концертті ұйымдастырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лора Нарикбаева кіріспе сөз сөйледі.

 

Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Баймұрат Оспанов кафедраның шетелдік студенттерін кәсіби тұрғыда жоғары сапада даярлағаны үшін мұғалімдерге мақтау қағаздарын табыс етті, сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Саят Естаев «Тәуелсіздік күні» мейрамымен ұстаздар мен студенттер қауымын құттықтады.

 

Концертке академиялық ұтқырлықты қоса алғанда, «Музыкалық білім» мамандығы бойынша кафедрада оқитын барлық шетел студенттер қатысты (Түркия, Қытай, Моңғолия).


Концерттік бағдарламасында қазақ және түрік композиторларының вокал және аспаптық музыкасы мен қоса, Майкл Джексонның «Біз - әлем, біз - әлемнің балаларымыз» өлеңін студенттік хор шырқады, дирижері, жетекшісі п.ғ.к., асс.профессор Светлана Балагазова .

 

Концерттің қорытындысы бойынша профессор Лора Нарикбаева және кафедра меңгерушісі Камарсулу Ибраева Өнер, мәдениет және спорт институтының директоратының атынан шетел студенттеріне университеттің мәдени-ағартушылық өміріне белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу