қазақша · русский · english
 
 
 
26.03.2019

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Пернебек Момыновпен кездесу

 

19 наурызда «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,белгілі педагог-музыкант Пернебек Момыновпен кездесу өтті.


Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидаларын, жас ұрпақтың ұлттық санасын жандандырудағы дәстүрлі және қазіргі заманғы музыкалық мәдениеттің құндылықтары талқыланды.

 

Іс-шараның ұйымдастырушысы, профессор Камаш Намазова өзінің кіріспе сөзінде Пернебек Момыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы, оның қазақ музыкасының тарихы мен теориясы, музыкалық білім беру әдістері және т.б. мәселелері бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары туралы қысқаша ақпарат берді.

 

Кездесуге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ дәстүрлі әндерінің танымал орындаушысы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Нұржан Жампейсов және колледж студенттерінің хоры қатысты. Кездесуде қазақ халық әндері мен күйлерін «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығының студенттері (Акан Бұтақбай, Санжар Әлімжанұлы, Жания Бекенова) орындады.

 

Кездесу соңында автор Пернебек Момынов Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне қазақ музыкасының теориясы мен тарихына арналған 20 оқу-әдістемелік құралдарды сыйға тартты.

 

   

 

   




Кері оралу