қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2019

ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада


2019 жылдың 17-19 сәуір аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «6В01406 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

 

Олимпиада ұйымдастырушылары: ҚР БҒМ, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ мен «Музыкалық білім және психология» кафедрасы.

 

Олимпиада 1-4 курс студенттері арасында екі номинация бойынша өткізілді: «музыка мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» және «музыкалық ағартушылық: интеграцияланған көзқарас».

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атынан Олимпиадаға «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының студенттері: Қарабалаева Зарина (1/4) «музыка мұғалімінің хормейстерлік дайындығы» номинациясы бойынша (жетекшісі - п.ғ. к., проф. Светлана Балагазова) және Мадина Мухади (1/3) «музыкалық ағартушылық: интеграцияланған көзқарас» номинациясы бойынша (ғылыми жетекшісі - п. ғ. д., проф. Бекен Бекмұхамедов) қатысты.

 

Екі қатысушы да өз номинацияларында ҚР БҒМ ІІ дәрежелі дипломдарының иегерлері атанды.

 

Лауреаттарды және олардың жетекшілерін олимпиадаға табыстарыменен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

 

   

 

   




Кері оралу