қазақша · русский · english
 
 
 
23.05.2019

Дүниежүзілік мәдениет және өнер күніне арналған «Мәдени әр түрлілік, диалог және даму үшін» студенттік концерті


2019 жылдың 21 мамырында ҚазҰПУ-да Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім және хореография кафедрасында Дүниежүзілік мәдениет және өнер күніне арналған «Мәдени әр түрлілік, диалог және даму үшін» студенттік концерті өтті.

 

Концертке «Музыкалық білім» мамандығының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын студенттері: Бақдәулет Ұзақбек - 2 курс (Түркістан, Жібек жолы университеті), Ақтолқын Төреханова - 2 курс (Тараз, ТарМПУ) және кафедраның үздік студенттері қатысты: Жания Бекенова - 1 курс, Абылайхан Жеткізгенұлы - 1 курс, Айгерім Күздікбай- 1 курс, Зубайра Юсупахметова - 1 курс, Назерке Сергазина - 1 курс, Санжар Әлімжанұлы - 1 курс, Мәдина Мұхади - 1 курс, Оксана Бабякина - 2 курс, Ақан Бұтақбай- 2 курс, Бекболат Қосын - 3 курс, Еркетай Абай - 3 курс.


Концерттік бағдарламада халық, классикалық және эстрадалық жанрлардың қазақ, орыс және батыс еуропалық композиторларының вокалды-аспаптық музыкасының шедеврлері бейнеленген.


Концерт педагогика ғылымдарының докторы, халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлыққа жауапты профессор Лора Нарикбаеваның және кафедрадағы тәрбие жұмысына жауапты Ерениз Махановтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.


Концертке және университеттің мәдени-ағартушылық өміріне белсенді қатысқаны үшін студенттерге халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Айгүл Искакова, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов мен музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі Қамарсұлу Ибраева атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу