қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2019

Оқыту семинары


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты Музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессор-оқытушылар ұжымы 2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында жоғары оқу орны басшылығы ұйымдастырған педагогикалық біліктілікті арттыру семинарына қатысты. Семинар квантталған оқу мәтіндерін құрастыру, жаңа білім беру технологиялары мен оқыту үшін тест формаларын қолдану мәселелері бойынша теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды зерделеу мақсатында ұйымдастырылды және 72 сағатты құрады.


«Жаңа білім беру және аттестаттау технологияларында тест формаларын қолдану» курсын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Вадим Сергеевич Аванесов (Мәскеу қ.) оқыды. Семинарға ғылым докторлары - Бекмұхамедов Бекен Мажитұлы, Джексембекова Меңсулу Искаққызы, Нәрікбаева Лора Мақсұтқызы, ғылым кандидаттары - Ибраева Камарсулу Ершатқызы және Какимова Лаура Шәріпқызы қатысты.

 

   

 

  




Кері оралу