қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2019

Республикалық семинар
«Ауызша есептің дәстүрлі емес әдістемесінің көмегімен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту»

 

2019 жылдың 1 қарашасында Алматыдағы Н.Островский атындағы мамандандырылған мектепте «Асыл бала» қайырымдылық қоры мен UCIMAS халықаралық академиясының менталдық арифметика бойынша өткізген «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту» атты бірінші республикалық семинарда Өнер, мәдениет және спорт институты Музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессоры Нәрікбаева Лора баяндама жасады.


Семинарда ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің арнайы және инклюзивті білім беру басқармасының басшысы Кудеринова Айгерім, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айтқұлова Гүлнара, «Асыл бала» қорының және UCIMAS менталдық арифметика халықаралық академиясының басшылары Сырланова Сәуле, дефектологтар, мектеп директоры және мұғалімдер сөз сөйледі.


Семинар барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамыту үшін ауызша есеп әдісінің оң нәтижелерінің бейне-материалдары ұсынылды және талқыланды. UCIMAS оқушыларының ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен шеберлік-сыныптар, сондай-ақ мамандандырылған мектеп балаларының концерті ұсынылды.


Балалардың ата-аналары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен дамытуға қатысы бар барлық педагогтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, оқытушылар үшін менталды арифметиканы оқытудың бірінші сабағының шеберлік-сыныбы өткізілді.

   

 

   

 

   




Кері оралу