қазақша · русский · english
 
 
 
18.11.2019

«6В011102-Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша
студенттердің 74- ші ғылыми конференциясы

 

2019/2020 оқу жылында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында жаңа «6B11102 - Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы ашылды. Бұл мамандық мәдени-тынығу жұмысының бакалавры және кәсіптік қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша өндіріс және басқару, шығармашылық, ұйымдастырушылық және шығармашылық, білім беру, жобалау-технологиялық және зерттеу мамандарын дайындайды.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттер мен магистранттардың 74-ші ғылыми-зерттеу конференциясының аясында 2019 жылдың 14 қарашасында «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында конференция өтті. Осыған орай осы мамандықтың 13 бірінші курс студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты. Баяндама тақырыптары болашақ мамандығымен кәсіби қызметінің мазмұны және оның ұйымдастырудың формалары туралы болды. Барлық баяндамалар презентациялармен қатар жүрді.


Баяндамаларды тыңдағаннан кейін комиссия келесі қатысушыларға жүлделі орындар беру туралы шешім қабылдады:

I-ші дәрежелі диплом -
1. Мәдени-тынығу жұмысын дамытуда кәсіпкерлік қызметінің шарттары.
Өмірзақ Көркем, 1 курс студенті, «Мәдени-тынығу жұмысы».
Жетекшісі: Кулданов Н.Т.- магистр, оқытушы.

 

II-ші дәрежелі диплом -
1. Мәдени тынығу жұмысында жобалық менеджментті қолданудың тиімділігі.
Ерікова Ақбота, 1 курс студенті, «Мәдени-тынығу жұмысы»..
Жетекшісі: Кулданов Н.Т.- магистр, оқытушы.
2. Балалармен мәдени -тынығу жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Нүсіпжан Аяна, 1 курс студенті, «Мәдени-тынығу жұмысы».
Жетекшісі: Досанова О.Ж. - доцент.

 

III-ші дәрежелі диплом -
1. Современные формы организации культурно-досуговой работы.
Ахметова Луиза, 1 курс студенті, «Мәдени-тынығу жұмысы».
Ғылыми жетекшісі: Какимова Л.Ш.- п.ғ.к., доцент.
2. Мәдени тынығу жұмысы аясында тұлғаны қалыптастырудың негізгі мәселелері.
Кадирова Гаухар, 1 курс студенті, «Мәдени-тынығу жұмысы».
Жетекшісі: Қасымов Н.А. - магистр, оқытушы.
3. Студент -жастардың мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру үрдісі.
Қадирбек Асель, студент 1 курса, «Мәдени-тынығу жұмысы».
Жетекшісі: Қасымов Н.А. - магистр, оқытушы.

 

Қалған қатысушылар «Зерттеулердегі интегративті тәсілдер үшін», «Зерттеу тақырыбының практикалық маңыздылығы үшін» және «Зерттеу жұмысына белсенді қатысқаны үшін» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу