қазақша · русский · english
 
 
 

 

Экономикалық мамандықтар кафедрасының халықаралық ынтымақтастық бағыттары серіктес жоғары оқу орындарымен өзара іс - қимылды дамытуды (оның ішінде академиялық және ғылыми ынтымақтастықты), магистранттар үшін шетелдік ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды, кафедра оқытушыларының халықаралық ғылыми конференцияларға және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысуын қамтиды.

 

2023 жылғы 4 қыркүйек пен 24 желтоқсан аралығында академиялық алмасу шеңберінде «6В04101-Экономика (қос дипломды)» ББ 3 курс студенттері Азиева Найра, Еркінбекова Әсем, Орманова Зарина, Ибрагимова Дильназ, Машеев Арнур Пуатье университетінде (Франция) оқыды. Оқу барысында студенттер келесідей курстарды оқыды: Économie du travail, Économétrie, Marché financier, Produits dérivés, Business steady (English), Économie international, Économie géographique, Économie de la santé, Microéconomie appliqué, Statistiques, Économie d`entreprise.

 
«7М04106-Макретинг» ББ магистранты Шаблова Юлия 2023 жылғы қыркүйектен бастап Страсбург университетінде (Strasbourg Université) Mic (Management et ingénierie de la créativité) бағдарламасы бойынша Абай-Верн бағдарламасы шеңберінде оқудан өтеді. Курс әртүрлі және өзгермелі ортада жобаларды сәтті басқару үшін қажетті техникалық және мінез-құлық құзыреттерін дамытуға бағытталған.


2023 жылдың 13-26 қазан аралығында кафедра магистранттары Стамбул университетінде (Түркия) ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

  alt=