«Ұлттық тәрбие» Центрі |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Ұлттық тәрбие» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының балалары мен жастарына ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайту және дамыту мақсатында құрылған консультативтік-әдістемелік орган болып табылады.
Орталықтың негізгі мақсаттары: - қоғамда өзін-өзі анықтауға қабілетті, ақпараттық қоғамдастыққа енуге дайын, негізгі құзыреттері қалыптасқан, тұрақты, физикалық және рухани сау, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін бірыңғай білім беру кеңістігін құру. - балалар мен жасөспірімдерде өз мемлекетіне деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін, оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу мен оны қорғауға дайын болуды, оның тағдырына араласуды, оның жағдайы мен дамуына жауапкершілікті қалыптастыру. - Қазақстан Республикасының балалары мен жастарына ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайту мен дамытуды ұйымдастыру; - оқушыларға, студенттерге және магистранттарға ұлттық тәрбиелік сипаттағы іс-шараны өткізу бойынша жоғары білікті қызметтерді көрсету. Орталықтың негізгі функциялары: - балалар мен жастарға ұлттық-патриоттық тәрбие беру жүйесін нығайтуға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: ғылыми-әдістемелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, жұмыс кездесулері, ақпараттық бағдарламалар, әдістемелік ұсыныстар; - ұлттық-патриоттық тәрбие саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде консультациялар өткізу; - университет сайтында және әлеуметтік желілерде орталық қызметін көрсету; - Орталықтың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Орталық құрылымы: - «Ұлы дала тұлғалары» секторы - Оразалы Досбосынов атындағы жас ақын-импровизаторлар мектебі секторы - «Психологиялық қызмет» секторы
![]() |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|