Абай атындағы ҚазҰПУ-дың психологиялық қызметі «Психологиялық қызмет» секторы қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайларды қамтамасыз етуге және студенттерге, профессор-оқытушылар құрамына және университет қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсетуге бағытталған қазіргі заманғы тұтас білім беру жүйесінің ұйымдасқан және құрылымдалған құрамдас бөлігі болып табылады. «Психологиялық қызмет» секторының функциялары: - Ұйымдастыру-құқықтық қызмет саласында. Университеттің жоғарғы басшылығының қамқорлығымен білім беру субъектілерін табысты психологиялық қамтамасыз ету және жеке жағымсыз аспектілерді бейтараптандырудың алдын алу үшін құжаттарды әзірлеу.
Ұжымдағы корпоративтік мәдениет саласында (мониторинг): - тұлғааралық қатынастарды зерттеу; - әлеуметтік жауапкершілікті зерттеу; - тұлғаның негізгі құрамдас бөліктері, тұлғалық және шығармашылық потенциалының психологиялық саулығы, білім беру субъектілерінің коммуникативті қызметтері; - ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, шеберлік сабақтарын өткізу және т.б.
Психологиялық және психотерапевтік қызмет көрсету саласында - Алматы қаласындағы практикалық психологтармен байланыс; - университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін тұлғалық өсу семинарларын өткізу; - психоконсультация, психодиагностика, психокоррекция. Білім беру субъектілерінің психологиялық мәдениетін, құзыреттілігін және біліктілігін арттыру саласында - оқыту бағдарламаларын әзірлеу; - инновациялық психотехнологиялар жүйесін құру.
Байланыс телефондары: +7 700 265 90 92 (WhatsApp) +7 700 976 89 97
Мекенжайы: Abai Student Center, Қазыбек би көшесі, 30/1. 7 кабинет
Студенттер мен оқытушыларды қабылдау және кеңес беру кестесі:
Қабылдау күндері
|
Уақыт
|
Дүйсенбі
|
10:00-17:00
|
Сәрсенбі
|
10:00-17:00
|
Бейсенбі
|
10:00-17:00
|
«Психологиялық қызмет» секторы туралы Ереже
|