«Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі | Басты / Ғылым / «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі / Биология бойынша Кешенді оқу-зерттеу зертханасы (БКОЗЗ)
Кешенді оқу-зерттеу зертханасы (БКОЗЗ) 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен ашылды (хаттама № 2, 24.10.2018). 2022 жылдың қаңтарында БКОЗЗ «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ ғылыми-инновациялық паркінің (ҒИП) құрылымына енгізілді.
2018 жылдың қараша айынан 2019 ж. сәуір айына дейін БКОЗЗ қызметін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды: - негізгі құралдар мен ұсақ инвентарға түгендеу жүргізілді; -БКОЗЗ меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулығы (қазақ және орыс тілдерінде); БКОЗЗ инженерінің лауазымдық нұсқаулығы (қазақ және орыс тілдерінде);
БКОЗЗ-да негізгі жабдықтың 108 бірлігі және қосалқы жабдықтың 188 бірлігі бар. Атап айтқанда, спектрлік зерттеулерге арналған хроматографиялық үстелдер, жылжымалы және бүйірлі, аралдық электрлендірілген үстел, физикалық электрлендірілген, түрлі тумбалар, зертханалық химиялық ыдыстарға арналған және реактивтерді сақтауға арналған шкафтар және т.б.
Зертханада қол жетімді:
- микробиологиялық және иммунологиялық зерттеулерге арналған негізгі құралдар - 2 дана колбажылытқыштар LOIP LH-250 және ПЭ-410, 2 электроплитка, дистиллятор АЭ-10МО, 2 дана бактерицидті сәулелендіру құралы, реактивтермен және бағдарламалық қамтамасыз етілген микробиологиялық анализатор "Multiscan Ascent" (Финляндия), сандық бейне- және фото-камерасы бар тринокулярлы микроскоп «LEICA» және 2 дана электр жарығы бар монокулярлы Микмед-1 микроскоп, оларға жабынды және заттық шынылар, иммерсиондық май және т.б. тіркелген, құрғақ қыздырғыш шкаф SNOL-24, термостат ВО-28; сонымен қатар микробиологиялық зерттеулерге арналған КОЗЗ түрлі көлемдегі пипеткалармен, түрлі көлемдегі конустық және дөңгелек колбалармен, цилиндрлермен, эксикаторлармен, стакандармен және т.б. жабдықталған.
- cпектрлы зерттерулер үшін негізгі құралдар - 3 қүрылғы: флуориметр; сандық спектрофотометр PD-303; фотометр КФК-3-01.
- ерітінділерді араластыруға және бөлуге арналған негізгі жабдық - центрифугалар "MiniSpin" және "СМ-6М", оларға түрлі көлемдегі центрифугалық пробиркалар қоса беріледі; Магнитті араластырғыш MS01 4-х жергілікті, шейкер OS-20 және т.б.
- топырақ зерттеулеріне арналған негізгі жабдықтар - зертханалық елеуіш, бір диаметрлі (3 дана); топырақ буры, АМ-7 (1 дана); топыраққа арналған КП-131 сит жиынтығы (14 дана); зертханалық диірмен А10 (1 дана); оптикалық лупа ЛПИ-464 (1 дана) және т.б.
- реактивтер желдетілетін арнайы шкафта: бейорганикалық - магний тұздары, марганец тұздары, мыс тұздары, натрий тұздары, қорғасын тұздары, мырыш тұздары және т. б.; органикалық - несепнәр, қоректік агар, Грисса реактиві, Несслер реактиві, сахароза және т.б.); бояғыштар - күлгін генциан, негізгі фуксин, метилен көк эозин және т.б.
- БКОЗЗ-ның басқа да қосалқы құрал жабдығы: таразы зертханалық электрондық AR-1530 және техникалық, шу өлшегіш-спектр анализаторы, судың жалпы қаттылығын анықтауға арналған жиынтық, ионометр/рН-метр, үш арналы кондуктометр, 2 камералы тоңазытқыш, өсіру үшін берілетін параметрлері бар КС-200 СРҚ климатостаты (Сурет 13), АН-2 судағы мұнай өнімдерінің құрамын талдаушы (№1 және 2 жиынтықтама).
- кітапхана қоры (анықтамалар, практикумдар және басқа да ғылыми әдебиеттер) ғылыми биологиялық әдебиеттер, ғылыми-әдістемелік, биотехнологиялық және экологиялық әдебиеттер 126 данасын жинақтап, зертханада кітапхана қорын 3 шкафта құрды бірлігінде.
|