қазақша · русский · english
 
 
 

 

Ғылыми тағылымдаманы қаржыландыру:
- республикалық бюджет қаражаты есебінен;
- ақылы білім беру қызметтерінен алынған университет қаражаты;
- қабылдаушы Тараптың қаражаты;
- білім алушылардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушылардың ғылыми тағылымдамасына арналған шығыстарды қаржыландыру университеттің тиісті жылға арналған бекітілген бюджетіне сәйкес жүргізіледі.


Білім алушылардың ғылыми тағылымдамадан өту шығындарын есептеу "Абай атындағы ҚазҰПУ"КЕАҚ Басқарма Төрағасы - ректоры бекіткен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша белгіленген нормативтерге сәйкес жүргізіледі.


Білім алушыларды қабылдаушы ЖОО-ға бару арқылы тағылымдамаға жіберген кезде білім алушылардың жеке карточкалық шотына Басқарма Төрағасы - ректорының бұйрығына сәйкес бекітілген есепке сәйкес сомалар шегінде ақшалай аванс аударылады.


Ғылыми тағылымдамадан өту бойынша сомалар бекітілген Ішкі нормативтермен салыстырғанда асып кеткен жағдайда, артық шығын сомасын білім алушының өзі өз қаражаты есебінен өтейді.


Егер қабылдаушы Тарап оқуды ақылы түрде өткізсе, бұл жасалған үшжақты шартта көрсетіледі, білім алушы тағылымдамадан өткені үшін соманы өз қаражатынан төлейді.


Қабылдайтын ЖОО - да үш жақты келісім негізінде онлайн форматта ғылыми тағылымдамадан өту кезінде ғылыми тағылымдамадан өту бойынша көрсетілетін Қызметтер білім алушыға Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына орындалған жұмыстар актісін, шот-фактураны және төлем құжаттарын және көрсетілетін қызметті алу фактісін растайтын өзге де құжаттарды ұсынған кезде өтеледі.