|
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасы | |
Кафедраның негізгі мақсаты - Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихын зерттейтін білікті педагог мамандар мен зерттеушілерді даярлау. Кафедра қызметі Қазақстанның осы тарихи кезеңдерін ғылыми зерттеу, жүйелеу, оқу үдерісіне енгізу және болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.
Кафедра меңгерушісі - тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Ә. Атығаев. Кафедрада ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, т.ғ.д., доценттер Б.О. Жангуттин, С.О. Смағұлова, Ж.Ә. Құдайбергенова, Қ.Ш. Әлімғазинов, п.ғ.д., профессор Б.Қ. Абдуғұлова, т.ғ.к., доценттер Б.С. Абенова, Д.Қ. Әбенов, PhD, аға оқытушылар Ә.Д. Қасенова, Ж.М. Өмірбекова, М.К. Досымова, Б.С. Токмурзаев, т.ғ.к., аға оқытушы Н.А. Мұхаметжанова, магистр оқытушылар Г.Т. Отыншиева, М.И. Амандосова, Ж.А. Құсайынова, М.Қ. Муталиев, А. Асанәлі, М.О. Талғатбек, С. Балмағамбет, М. Морякова қызмет атқарады.
Кафедра бакалавриат және магистратура деңгейлерінде екі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда: «7М01611-Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан» және «6В01609-Цифрлық тарих және археология». «Digital history» зертханасы осы бағдарламалар студенттері үшін практикалық база болып табылады. Сонымен қатар, кафедрада бірнеше жаңа білім беру бағдарламалары әзірленуде.
Кафедраның профессор-оқытушылары археология, этнология, ежелгі және ортағасырлық жазба деректерді зерттеу, алғашқы мемлекеттердің қалыптасу тарихы, көне түркі кезеңінің тарихы мен мәдениеті, Қыпшақ хандығы, Ұлы Моңғол империясы, Жошы ұлысы және Қазақ хандығының тарихы сияқты бағыттарда ғылыми зерттеулер жүргізуде. Кафедра ұжымы Scopus және Web of Science базаларына кіретін журналдарда 3 мақала, ҚР ҒЖБСБК ұсынған журналдарда 9 мақала жариялады. Сондай-ақ оқытушылар бірнеше гранттық жобаларда жетекшілік етеді.
Кафедра Торонто университеті (Канада), Ұлттық технология институты (Жапония), Вена университеті (Австрия), Анкара университеті (Түркия), РҒА Шығыстану институты, Алтай мемлекеттік университеті (РФ) және басқа да алыс-жақын шетелдік ғылыми мекемелермен тығыз байланыстар орнатқан. Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларға белсенді қатысып, Қазақстан тарихын шетелде танытуға атсалысуда. 2023-2024 оқу жылында оқытушылар Түркия, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және басқа елдерде өткізілген конференцияларда баяндама жасады.
Кафедра Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу мекемелерімен және жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда А. Марғұлан атындағы Археология институты, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Назарбаев университеті, т.б. тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Кафедраның бастамасымен 2024 жылдың 22 мамырында Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Іс-шараға Қазақстан, Канада, Түркия, АҚШ, Жапония ғалымдары қатысты. Бұдан бөлек, 2024 жылы сәуір айында «Ғылым декадасы» аясында «Түркия ғалымдарының Алтын Орда мемлекетінің тарихын зерттеуі» тақырыбында дөңгелек үстел, сондай-ақ «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқыту әдістемелері» атты семинар өтті.
2024 жылғы 16-24 қазан аралығында студенттерге арналған нумизматика саласындағы дәрістер ұйымдастырылды, Ресейлік белгілі нумизмат, т.ғ.к. П.Н. Петров студенттерге Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихына қызығушылық танытуға бағытталған дәріс өткізді.
|