Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы / Ғылыми- зерттеу қызметі
Абай атындығы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институтының академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы - Республикадағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін, әдебиеттану мен филология бойынша жас ғалымдарды даярлайтын іргелі кафедраның бірі. Кафедра әдебиеттанымдық және білім берудегі зерттеулермен айналысып, мемлекетіміздің стратегиялық бағытына сай ғылыми жобаларды жүзеге асырады.
Кафедра көшпенділер мәдениетінің көркем әдебиеттегі көрінісін, әдебиетін жаңа бағытта оқытудың өзекті мәселелері аясында ғылыми еңбектер жариялауда.
Кафедра классикалық, модернистік, постмодернистік әдебиет мәселелерін ұлттық құндылықтармен байланыста зерттеуді басшылыққа алады.
Кафедраның ғылыми әлеуеті - 78%.
Ғылыми-зерттеу бағыттары: -қазақ филологиясындағы ұлттық мәдени код және білім берудегі жаңашылдықтар;
Шетелдік ЖОО: - Эге университеті (Түркия);
Отандық ғылыми мекемелер: - М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты; - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты; - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы.
- Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті;
Кафедра «8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті», «8D02305-Әдебиеттану» мамандықтары бойынша докторанттарға жетекшілік жасап, әрбір оқу жылында 2-3 PhD докторын дайындайды.
|