Халықаралық ынтымақтастық |
Ғылыми тәжірибе өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар 1)Ғылыми дәрежесі: ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), профильді доктор немесе магистр дәрежесінің болуы; 2)Жұмыс тәжірибесі: таңдаған ғылыми зерттеу мамандығы бойынша аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде соңғы 12 (он екі) айда үздіксіз жұмыс тәжірибесінің болуы; 3) Шетелдік ұйымның шақыртуы: ғылыми зерттеу жұмысына сәйкес келетін шетелдік ұйымнан шартсыз шақыртуы (қаржылық шарттарды қоспағанда) болуы керек; 4) Тілдерді білу: мемлекеттік және шетел тілдерін жұмыс органының талаптарына сәйкес деңгейде білу; 5) Ғылыми нәтижелер: халықаралық Web of Science, Scopus дерекқорларында индексаланған мақалалар немесе шолулар, немесе ғылыми және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалар және (немесе) халықаралық Патент Корпорейшн Трэти (Patent Cooperation Treaty) бойынша халықаралық өтінімдер болуы керек.
Конкурсқа қатысу үшін негізгі қадамдар Ғылыми тағылымдамала 1-қадам – шартсыз шақырту алу Стипендия конкурсына қатысу үшін үміткер алдымен ғылыми стажировка өтетін мамандықты "Приоритетті бағыттар" тізімінен таңдап алу керек. Құжаттарды қарау үшін сілтемені басыңыз: https://bolashak.gov.kz/pretendentu-po-ns/prioritetnye-napravleniya . 2-қадам – шетелдік ұйымды таңдау Мамандықты таңдағаннан кейін үміткер ғылыми стажировка өту үшін ұсынылған шетелдік ұйымдардың тізімінен біреуін таңдау керек. Ұсынылған ұйымдардың тізімімен танысу үшін сілтемені басыңыз: https://bolashak.gov.kz/pretendentu-po-ns/vuzy-nauchnye-centry-organizaciya . 3-қадам – құжаттардың толық пакетін жинау Мамандық пен шетелдік ұйымды таңдағаннан кейін үміткер конкурсқа қатысу үшін толық құжаттар пакетінің жиынтығын жинау керек. 4-қадам-Халықаралық бағдарламалар орталығына құжаттарды тапсыру Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау веб-портал арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады https://cabinet.bolashak.gov.kz/login -көру үшін сілтемені басыңыз.
Қажетті құжаттар жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткердің толтырылған сауалнамасы; жүктеу үшін басыңыз жұмыс берушінің жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінімі; жүктеу үшін басыңыз төлқұжат пен жеке куәліктің түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқалар салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады); ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), профильді доктор немесе магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады); Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда - "білім туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты не білім туралы құжатты тану туралы өзге құжатты тану туралы куәлік; жұмыс органы белгілеген талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс беруші бекітетін, тағылымдамаға қабылдайтын, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармалары бар тізімге кіретін шетелдік ұйым келіскен ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы; жүктеу-жүктеу үшін басыңыз еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме (түпнұсқалар салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады); белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады); белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады); жүктеу-жүктеу үшін басыңыз 072/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін) ; ғылыми зерттеулердің бағыттарын, мерзімдерін, құнын (есептердің толық жазылуымен) көрсете отырып, үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармаларымен ғылыми тағылымдамадан өтудің шартсыз шақыруын (қаржылық жағдайларды қоспағанда) растайтын құжаттардың көшірмелері; ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында және (немесе) уәкілетті орган ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін бір мақаладан немесе шолудан кем емес) және (немесе) халықаралық ғылыми конференциялар материалдарында жарияланған) және (немесе) кемінде бір халықаралық өтінімнің патенті (Patent Cooperation Treaty), жұмыс беруші бекіткен; ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі; өкіл арқылы құжаттарды тапсыру кезінде-өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат.
|