қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Кариев Адлет Дюсембаевич

Кариев Адлет Дюсембаевич

 

Қысқаша өмірбаян 

1985 жылы ақпан айының 28 жұлдызында Семей қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бакалавриатын бітірген. Магистр дәрежесін Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша алды (2011 ж.). 2019 жылы Шолом-Алейхем атындағы Амур мемлекеттік университетінің күндізгі аспирантурасын «44.06.01 Білім және педагогика ғылымдары», «Жалпы педагогика» бағытында «Зерттеуші. Оқытушы-зерттеуші» бағытында тәмәмдаған. 2020 жылы «13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «ЖОО-да интерактивті білім беру технологияларын пайдалана отырып, студенттің субъективтілігін қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Ресей Федерациясының Ғылым және Жоғары білім министрлігі Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен 2021 жылы «Педагогика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді. 2022 жылы Қазақстан Республикасында Ғылым кандидаты дипломын тану рәсімінен сәтті өтті.

2010-2014 жылдары - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Педагогика кафедрасының оқытушысы. 2014-2016 жылдары - Алматы университетінде аға оқытушы, кейін Ғылым және Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2019-2023 жылдар аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жұмыс істеді. Бұл университетте келесі лауазымдарды атқарды: аға оқытушы, Педагогика және психология Жоғары мектебінің ғылыми қызмет және инновациялар жөніндегі декан орынбасары, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының бағдарлама көшбасшысы (кафедра меңгерушісі). 2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Вильнюс университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. 

 

Білімі

Білім беру мекемесі

Квалификация

Аяқталу күні

М. О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі

Бастауыш сынып мұғалімі және бастауыш мектептің информатика мұғалімі

2003-2006

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі бакалавры

2006-2009

"Қайнар" Университеті (Семей)

 Ақпараттық жүйелер бакалавры

 

2006-2009

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

«Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

2009-2011

Шолом-Алейхем атындағы Амур мемлекеттік университеті

 Зерттеуші, оқытушы-зерттеуші «44.06.01 Білім беру және педагогикалық ғылымдар» дайындық бағыты бойынша, «Жалпы педагогика» бағыты, аспирантура

2016-2019

Мәскеу қалалық педагогикалық университеті

«44.04.02 - Психологиялық-педагогикалық білім беру» дайындық бағыты бойынша Магистрі, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кеңес берудің заманауи әдістері» білім беру бағдарламасының бағыты (бейіні)

2020-2022

Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті

 

«44.04.01 Педагогикалық білімі» даярлау бағыты бойынша Магистрі, «Физика-математикалық білім берудегі ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының бағыты (бейіні)

2020-2022

Алтай мемлекеттік университеті

«37.04.01 Психология» дайындық бағыты бойынша Магистрі, «Психологиялық кеңес беру» білім беру бағдарламасының бағыты (бейіні)

2020-2023

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ 

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі.

2021

 

ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: IT Жобаларды басқару, Медиа тілділік, Мультимедиялық білім беру өнімдерін құру бойынша практикум, Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын дамыту бойынша практикум, Мектеп пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Зияткерлік ақпараттық жүйелер.

Магистратурада: Бастауыш білім берудегі бағалау технологиясы, Академиялық жазу, Киберпедагогика.

Ғылыми жұмыс

Ғылыми зерттеулер саласы:

- ЖОО студентінің субъективтілігін қалыптастыру.
- Жоғары мектепте оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
- Педагогтердің зерттеу және жобалау құзыреттерін дамыту.
- Білім алушылардың зерттеу (жобалау) қызметін педагогикалық сүйемелдеу.
- Психологиялық кеңес беру.
- Инклюзивті білім беру.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің сабақтан тыс іс-әрекетін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
- Физика-математикалық білім берудегі ақпараттық технологиялар.
- Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мамандарының көп кәсіптік білімі.


200-ден астам жарияланымдары бар. Ең маңызды басылымдар:

Scopus дерекқорында индекстелген ұжымдық монографиялық метериалдар.

1. Vargas-Hernández J.G., Kariyev A.D. Didactic strategies for meaningful learning. // Advancing STEM Education and Innovation in a Time of Distance Learning, 2022, pp. 47-72

2. Vargas-Hernández J.G., Vargas-González O.C., Castañeda-Burciaga S., Kariyev A.D. Meaningful learning didactic strategies in higher education. // Cases on Responsive and Responsible Learning in Higher Education, 2023, pp. 54-72

Статьи в журналах, включенных в базу данных Scopus и Web of Science.

3. Крежевских О.В., Кариев А.Д. Выявление компетенции мультипрофессионального командообразования у студентов и ее влияния на эффективность командного взаимодействия // Интеграция образования. 2022. Т. 26, № 1. С. 8-35. DOI: 10.15507/1991-9468.106.026.202201.093-110

4. Маралов В.Г., Кариев А.Д., Крежевских О.В., Кудака М.А., Агеева Л.Е., Агранович Е.Н. Субъектность, самоэффективность и психологическое благополучие: сравнительное исследование российских и казахстанских студентов // Высшее образование в России. 2022. Т. 31. № 10. С. 135-149. DOI: 10.31992/0869-3617-2022-31-10-135-149

5. Khibina N., Salimzhanova A., Khibina Z., Kariyev A. Distance Learning during the COVID-19 Pandemic: Stress Factors for Female School and University Teachers in Kazakhstan and Kyrgyzstan // European Journal of Contemporary Education. 2023. 12(2): 493-508. DOI: 10.13187/ejced.2023.2.493

6. Halian I., Popovych I., Vovk V.A, Kariyev A., Poleshchuk L., Halian O. Correlation of the coach`s qualities and junior athletes` self-efficacy // Journal of Physical Education and Sport, 2023, 23(7), pp. 1621-1630. DOI:10.7752/jpes.2023.07199

 

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

15- тен астам оқу және әдістемелік еңбектері жарық көрген.

1. Кариев А.Д. Дидактика начальной школы / А.Е. Дмитриев, Ю.А. Дмитриев А.Д. Кариев - Алматы: ТОО «Полиграфия-сервис и Ко», 2017. - 264 с.

2. Кариев А.Д. Педагогическое сопровождение внеурочной исследовательской (проектной) деятельности учащихся начальных классов: учебное пособие / А.Д. Кариев, Б.Е. Фишман, Е.Н. Агранович, Т.Б. Байназарова, Л.Е. Агеева - Алматы: ТОО «Полиграфия сервис и Ко» 2022. - 286 с.

3. Kariyev A. Interactive learning technologies in higher education: textbook / A. Kariyev. - Аlmaty: Daryn, 2023. - 161 c

4. Кариев А.Д. Жоғары оқу орнындағы интерактивті оқыту: оқу құралы. - Алматы: Дарын, 2023. - 225 б.

5. Электронный учебник «Интерактивті педагогика» (свидетельство о внесении сведений в государственный реестр прав на объекты, охраняемые авторским правом, № 33663 от «17» марта 2023 года).

 

Марапаттар:

Педагогика ғылымдары бойынша «Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның екі дүркін иегері 2013-2014жж., 2019-2020жж».

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2022-2023 жж.).

 


← Кері оралу