About us | Главная /
Кариев Адлет Дюсембаевич
Кариев Адлет Дюсембаевич
Қысқаша өмірбаян 1985 жылы ақпан айының 28 жұлдызында Семей қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бакалавриатын бітірген. Магистр дәрежесін Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша алды (2011 ж.). 2019 жылы Шолом-Алейхем атындағы Амур мемлекеттік университетінің күндізгі аспирантурасын «44.06.01 Білім және педагогика ғылымдары», «Жалпы педагогика» бағытында «Зерттеуші. Оқытушы-зерттеуші» бағытында тәмәмдаған. 2020 жылы «13.00.08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «ЖОО-да интерактивті білім беру технологияларын пайдалана отырып, студенттің субъективтілігін қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Ресей Федерациясының Ғылым және Жоғары білім министрлігі Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен 2021 жылы «Педагогика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді. 2022 жылы Қазақстан Республикасында Ғылым кандидаты дипломын тану рәсімінен сәтті өтті. 2010-2014 жылдары - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Педагогика кафедрасының оқытушысы. 2014-2016 жылдары - Алматы университетінде аға оқытушы, кейін Ғылым және Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2019-2023 жылдар аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жұмыс істеді. Бұл университетте келесі лауазымдарды атқарды: аға оқытушы, Педагогика және психология Жоғары мектебінің ғылыми қызмет және инновациялар жөніндегі декан орынбасары, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының бағдарлама көшбасшысы (кафедра меңгерушісі). 2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Вильнюс университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Білімі
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: IT Жобаларды басқару, Медиа тілділік, Мультимедиялық білім беру өнімдерін құру бойынша практикум, Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын дамыту бойынша практикум, Мектеп пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Зияткерлік ақпараттық жүйелер. Магистратурада: Бастауыш білім берудегі бағалау технологиясы, Академиялық жазу, Киберпедагогика. Ғылыми жұмыс Ғылыми зерттеулер саласы: - ЖОО студентінің субъективтілігін қалыптастыру. 200-ден астам жарияланымдары бар. Ең маңызды басылымдар: Scopus дерекқорында индекстелген ұжымдық монографиялық метериалдар. 1. Vargas-Hernández J.G., Kariyev A.D. Didactic strategies for meaningful learning. // Advancing STEM Education and Innovation in a Time of Distance Learning, 2022, pp. 47-72 2. Vargas-Hernández J.G., Vargas-González O.C., Castañeda-Burciaga S., Kariyev A.D. Meaningful learning didactic strategies in higher education. // Cases on Responsive and Responsible Learning in Higher Education, 2023, pp. 54-72 Статьи в журналах, включенных в базу данных Scopus и Web of Science. 3. Крежевских О.В., Кариев А.Д. Выявление компетенции мультипрофессионального командообразования у студентов и ее влияния на эффективность командного взаимодействия // Интеграция образования. 2022. Т. 26, № 1. С. 8-35. DOI: 10.15507/1991-9468.106.026.202201.093-110 4. Маралов В.Г., Кариев А.Д., Крежевских О.В., Кудака М.А., Агеева Л.Е., Агранович Е.Н. Субъектность, самоэффективность и психологическое благополучие: сравнительное исследование российских и казахстанских студентов // Высшее образование в России. 2022. Т. 31. № 10. С. 135-149. DOI: 10.31992/0869-3617-2022-31-10-135-149 5. Khibina N., Salimzhanova A., Khibina Z., Kariyev A. Distance Learning during the COVID-19 Pandemic: Stress Factors for Female School and University Teachers in Kazakhstan and Kyrgyzstan // European Journal of Contemporary Education. 2023. 12(2): 493-508. DOI: 10.13187/ejced.2023.2.493 6. Halian I., Popovych I., Vovk V.A, Kariyev A., Poleshchuk L., Halian O. Correlation of the coach`s qualities and junior athletes` self-efficacy // Journal of Physical Education and Sport, 2023, 23(7), pp. 1621-1630. DOI:10.7752/jpes.2023.07199
Ғылыми-әдістемелік жұмыс 15- тен астам оқу және әдістемелік еңбектері жарық көрген. 1. Кариев А.Д. Дидактика начальной школы / А.Е. Дмитриев, Ю.А. Дмитриев А.Д. Кариев - Алматы: ТОО «Полиграфия-сервис и Ко», 2017. - 264 с. 2. Кариев А.Д. Педагогическое сопровождение внеурочной исследовательской (проектной) деятельности учащихся начальных классов: учебное пособие / А.Д. Кариев, Б.Е. Фишман, Е.Н. Агранович, Т.Б. Байназарова, Л.Е. Агеева - Алматы: ТОО «Полиграфия сервис и Ко» 2022. - 286 с. 3. Kariyev A. Interactive learning technologies in higher education: textbook / A. Kariyev. - Аlmaty: Daryn, 2023. - 161 c 4. Кариев А.Д. Жоғары оқу орнындағы интерактивті оқыту: оқу құралы. - Алматы: Дарын, 2023. - 225 б. 5. Электронный учебник «Интерактивті педагогика» (свидетельство о внесении сведений в государственный реестр прав на объекты, охраняемые авторским правом, № 33663 от «17» марта 2023 года).
Марапаттар: Педагогика ғылымдары бойынша «Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның екі дүркін иегері 2013-2014жж., 2019-2020жж». «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2022-2023 жж.).
← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Admissions Office: 8(727)291-57-68
Call center: 8 (727) 221 85 14
Psychological Services Sector: 8 700 976 89 97
Сitizen reception on personal matters
|