қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
 Мұратқазин Мұхтар Мұратқазыұлы
Кафедра меңгерушісі
ҚР ҰҒА академигі
Жамбыл көшесі, 25
 87075474751
muratkazin@bk.ru

 

Тарих және құқық факультеті «Академик Т. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихы университет қабырғасы қаланған кезеңнен бастау алады. Осы уақытқа дейін кафедра атауы «Отан тарихы», «Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасы болып өзгертілді. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан тарихының кезеңдерін тереңірек зерттеу мен зерделеу мақсатында кафедра бағыты 2-ге бөлініп, жаңа атаумен қайта құрылды. Кафедра ұжымы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелерін зерттеу жүргізіп отандық ғылым саласының дамуына үлес қосып келеді.

 

2024 жылдың наурызынан бастап кафедраның меңгерушісі қызметін тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Муратказин Мухтар Мұратқазыұлы атқарып келеді. Қазіргі уақытта кафедрада т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі М.Қ. Қойгелдиев, т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі Ғ.Қ. Кенжебаев, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі З.Е. Кабульдинов, т.ғ.д., профессор Ғ.К. Халидуллин, с.ғ.д., профессор Г.Р. Нұрымбетова, т.ғ.д., аға оқытушы С.С. Сайфулмаликова, т.ғ.к., доцент Т.Т. Далаева, т.ғ.к., доцент Е.Н. Ермұқанов, т.ғ.к., доцент Т.М. Байсалбаева, т.ғ.к., доцент Р.Р. Оспанова, т.ғ.к., аға оқытушылар Г.К. Балахметова, Ш.Т. Нұрман, С.К. Тулбасиева, З.Б. Мырзатаева, Ф.А. Адилова, Т.А. Бекбаева, PhD, аға оқытушылар С.Г. Белоус, А.А. Бимолданова, Д.Б. Асымова, магистр, аға оқытушылар Е.А. Жалмағамбетов, М.Д. Азанбаев, Абдықалықов А.Ү., магистр оқытушылар Б.М. Утеулиева, А. Дүйсенбайқызы, А.Ж. Берікболова қызмет атқарады.

Кафедраның білім беру бағдарламалары
«Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасы қоғам талабына сай педагог кадрларын даярлауда бакалавр, магистратура, PhD докторантура бойынша төмендегідей білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда: «6В01610 - Тарих-қоғамтану»; «6B01601 -Тарих»; «6B01604-Тарих құқық негіздері»; «7М01605 - Тарих: Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы әлеуметтік тарихы»; «8D01601 - Тарих», «8D01605 - Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы».

Кафедра қызметі
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу жұмыстары қазіргі ғылымның нағыз өзекті бағыттары бойынша жүргізіледі: Алаш қозғалысы, Күнделікті өмір тарихы, Ауызша тарих, 1920-50 жылдардағы саяси репрессиялардың тарихы, сталинизм дәуіріндегі тарихтың концептуальдық мәселелері, тарихи демография, Қазақстандағы мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі және т.б. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы аталған курстар бойынша тұрақты түрде өздерінің кәсіби біліктіліктерін дамыту үшін алыс және жақын шетелдік мамандардың ғылыми-әдістемелік семинар-тренингтеріне қатысып, білім беру жүйесіндегі инновациялық технологияларды сабақ беру барысында қолданып отырады.

Кафедраның халықаралық байланыстары кең ауқымды және тұрақты. Кафедра Хоккайдо университетімен (Жапония), Ханьшан Педагогикалық университетімен (ҚХР), Табатаи (Иран) университетімен, Будапешт, Печь университеттерімен (Венгрия), М. Ломоносов атындағы ММУ-мен, РҒА-ның Ресей тарихы институтымен, РҒА Тарих және археология институтының Орал бөлімшесімен, Ага-Хан орталықазиялық университетімен (Нарын қаласы), Ресей ислам университетімен, Новосібір педагогикалық университеттерімен халықаралық байланыста жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, кафедра еліміздегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Сүлеймен Димерел университеті сияқты іргелі жоғары оқу орындарымен, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Президенті мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай, т.б. ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз байланыстар орнатқан.

Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға және коллоквиумдардарға белсенді түрде қатысады. Соңғы жылдары олар АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Голландия, Польша, Ресейлерде дәрістер оқып, баяндамалар жасады. Кафедраның халықаралық қызметі университет беделін арттыруға және халықаралық білім мен ғылым кеңістігіне енуге бағытталған.