қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.01.2020

Институттар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына арналған семинарлар

 

   

 

2020 жылдың 5 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебінің ашылуында сөз сөйледі.

 

Бірінші сессия бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет және Педегогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры Исламия Халитова «Білім беру ұйымдарына «Абайтану» пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар жүргізді.

 

Семинарға университеттің институт директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, докторанттар, магистранттар қатысты. Өткен жылдың желтоқсан айында І дәрежелі «Барыс» орденін алған «Абайтану» орталығының директоры, профессор Мекентас Мырзахметов құрметті қонақ болды. Тыңдаушылар қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында университетте жүргізіліп жатқан шаралармен танысып, «Абайтану» пәнінің құрылымымен, мазмұнымен танысып, білім беру ұйымдарына «Абайтану» пәнін оқытудың маңыздылығын атап өтті. Семинар тақырыбы бойынша пікір алмасу болды.

 

Қысқы мектепті ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша екінші сессияда Алматы қаласы, Жетісу аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Салтанат Құсаинова, №80 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Айкерім Баекенова, №148 мектеп-гимназия директоры Фатима Алиакбарова, Алматы облысы, Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Садвакасова және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Жанбековтың қатысуымен «Білім беру саласындағы педагог қызметкерлердің еңбек нарығының жағдайы» тақырыбында семинар жүргізілді.

 

Семинарға университеттің институт директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері қатысты.

Сессия барысында мұғалім мәртебесі, жалпы білім беретін мектептердегі мамандарға деген сұраныстың және бүгінгі ЖОО бітіріп келіп жатқан мамандардың сапасына тоқталды. Мұғалімнің қазіргі жаңартылған білім мазмұны парадигмасындағы рөлін өзгерту мәселелері талқыланды. Тыңдаушылар ұсынылған материалдардың университет оқытушыларының келешектегі бітіруші курс студенттерін даярлауда оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың өзектілігін атап өтті.