қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.01.2020

Қысқы мектепте педагогикалық білім беруді жетілдіру мәселелері талқыланды

 

   

 

2020 жылдың 9 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» Қысқы мектебі аясында үш сессия өтті.

 

Бірінші сессияда Erickson International (Canada) кәсіби коучы Б.К.Тасболатова Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамын ХХІ ғасыр педагогының құзіреттілігі мен ЖОО оқытушыларын коучингтің негізгі ережелерімен, оның құралдарымен таныстырды.

 

«Жоғары мектеп оқытушыларына арналған коучинг құралдары» тақырыбы бойынша PCC ICF деңгейіндегі коуч Мадина Биляева интерактивті форматта семинарды қызықты өткізілді.

 

Тыңдаушылар педагогикалық практикада коучингті қолдану бойынша идеялармен алмасты.

 

Коучтармен өзара қарыс-қатынасты Instagram: baisuly.tasbulatova немесе bilyalova.coach арқылы жалғастыруға болады.

 

Екінші сессияны әкімшілік департаментінің қызметкерлері «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әкімшілік, ғылыми және оқу бөлімдерінің қызметінде Еңбек заңнамасын және «Білім туралы» Заңын қолдану» тақырыбы бойынша жүргізді. Департамент, басқарма қызметкерлері, оқытушылар мен докторанттар қатысқан сессияны университеттің заң бөлімінің бастығы Ә.Д.Оразғали өткізді.

 

Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мен «Білім туралы» Заңның кейбір ережелерін түсіндіруге, осы заңдарды қолдануға байланысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

 

Үшінші сессияға оқытушылар, докторанттар, магистранттар қатысты. Сессия жетекшісі ЮНЕСКО-Қазақстан білім беру бағдарламалары бойынша кеңесші С.Ж.Зейнолла, бизнес-тренер А.Б.Омарова «ЮНЕСКО - Қазақстан. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі білім беру» тақырыбында ЮНЕСКО-Қазақстан жұмысы туралы тыңдаушыларға ақпарат берді.

 

Сессия барысында аталған ұйымның Қазақстанның білім беру жүйесіне қосқан үлесі атап өтілді. Білім берудің заманауи мазмұнының парадигмасы мәселелері талқыланды. Тыңдаушылар болашақ бітіруші курс студенттерін дайындауда университет оқытушыларының оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін ұсынылған мәселелердің өзектілігін атап өтті.