қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.01.2016

Педагогика және психология институтында 13 қаңтар күні сағат 11-де Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖОО оқыту үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарда Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілгін арттыратын Республикалық институт АҚ «Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығынан курстан өткен оқытушылар - Г.Т.Сәдуақас, А.С.Тазабекова, Э.Уайдуллақызы, Г.Ж.Омарова, А.Т.Туралбаева жоғары оқу орнында педагогика мамандығының оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша таныстырылым жасады.
Әдістемелік семинарда оқытушылар ЖОО педагогика мамандығының оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша игерілген модульдер мазмұнына сәйкес маңызды және сапалы ақпараттармен бөлісті. Ұсынған төрт модуль төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
1-Модуль. «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер»;
2-Модуль.«Өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі іске асыру технологиялары»;
3-Модуль. «Білім нәтижесін бағалау жүйесі»;
4-Модуль. «Оқыту және оқу жүйесіндегі заманауи сандық технологиялар».