қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
10.11.2017

Хабарландыру

 

2017 жылдың 13-15 қарашасы аралығында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің» сараптамалық комиссиясы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға математика, физика және информатика; өнер, мәдениет және спорт; тарих және құқық институттарының 10 білім беру бағдарламасын мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өткізеді.

 

Жұмыс барысында сараптама комиссиясының мүшелері университеттің басшылығымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, аккредиттеуден өтетін білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттерімен кездесу өткізеді. Оқу сабақтары мен практика базаларына іріктеме қатысу жоспарлануда.


Сараптама комиссия мүшелеріне қазақстандық және шет елдік жоғарғы оқу орындары, атап айтсақ

 

Ресей мемлекеттік мамандандырылған өнер академиясы мен Қырғыз мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт академиясы кіреді.

 

Сапаны сараптау және даму стратегиясы департаменті