қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.01.2020

Мәскеудегі халықаралық семинар: педагогикалық білімдегі цифрлық технологиялар

 

   

 

2020 жылдың 17 қаңтарында Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің цифрлық білім беру институтында «Цифрлық университет: педагогикалық білімнің халықаралық жаһандануы» III Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми семинары өтті.

 

Семинарды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы мен В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырды.

 

Семинар заманауи педагогикалық университет қызметінің барлық түрлерін дамыту үшін цифрлық технологияларды құру және кешенді қолдану ерекшеліктері мен болашағын талқылауға арналған.

 

Семинар барысында МҚПУ-дың Президенті Рябов В.В., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Балықбаев Т.О., В.П. Астафьев атынды КМПУ-дың ректоры Ковалевский В.А., РБА білім философиясы мен теориялық педагогика бөлімінің академик-хатшысы Левицкий М.И. өздерінің құттықтау сөздерін жеткізді.

 

Аталған іс-шараға 100-ден аса Ресей, Қазақстан және Белорусь ғалымдары мен педагогтары қатысты. Семинар қатысушылары педагогикалық ЖОО-да студенттерді дайындау барысында цифрлық технологияларды әзірлеу мен пайдаланудың ғылыми аспектілері туралы баяндама жасады.

 

Ректор Такир Балықбаев өз баяндамасында университет қабырғасында цифрландырудың қалай жүзеге асырылып жатқандығына толығымен тоқталды.

 

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Есен Бидайбеков, педагогикалық STEM-парк директоры Бектас Бостанов, білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасының қызметкері Жамиля Аққасынова халықаралық зертхана қызметі мен білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану тәжірибесі туралы баяндады.

 

Семинар өте табысты, қызықты және пайдалы болды. Осы орайда, қалыптасқан дәстүрді жалғастырып, кезекті төртінші семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Баяндамалар:

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін цифрландыру: цифрлы университетке өту жолында

2. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Білімді ақпараттандыру және білім беру технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасы: цифрлы университетті қалыптастырудағы өзекті жобалар

3. Цифрлы университеттегі STEM білім беру

4. Білім берудің жаһандануы жағдайында тілдік емес мамандықтар студенттерінің кәсіби-бағытталған құзыреттілігін қалыптастырудағы сандық технологиялар