қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
29.01.2020

Білім және ғылым министрі - Алматыда

 

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

 

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттермен кездесіп, «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі тұжырымдары туралы айтты.

 

Алматы, NEGE. Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтті.

 

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

 

Асхат Аймағамбетов биыл екі маңызды құжат қабылданғанын атап өтті: 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы мен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы. Министр педагогикалық қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту және білім сапасын арттыру туралы айтып берді. Аттестаттаудың жаңа форматының қорытындысы бойынша 156 мыңнан астам педагогке біліктілік санаты берілді, бұл оларға 30-дан 50%-ға дейін қосымша ақы төлеуге мүмкіндік берді. Министр балаларды маңызды ақпаратты дұрыс таңдауға және білімді тәжірибеде қолдануға үйрететін жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларының артықшылықтарын түсіндірді.

 

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

 

Педагог кадрларды даярлау сапасы туралы Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балдың артатынын айтты. 2019 жылы педагогикалық мамандықтар үшін шекті балл 60 болса, ал келесі жылы 70 баллға дейін көтеру күтілуде. Сондай-ақ, министр болашақ педагогтердің практикалық білімін жақсартудың және дуалды білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол ҚазҰПУ-дың төртінші курс студенттерін жыл бойы мектептерде практикадан өткізу жөніндегі бастамасын қолдайтынын білдірді.

 

Қорытындылай келе, ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов пен Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев барлық студенттерді мектептерде жұмыс істеуге шақырды.

 

29.01.2020 ж.

Ақпарат көзі: nege.kz