қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.02.2020

Абайдың 175 жылдығына арналған «Абайдың қара сөздері-халық мұрасы»

тақырыбындағы әдеби -танымдық кеш

 

   

 

2020 жылдың 4 ақпаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Студенттік «Бірлік» Ассамблеясының ұйымдастыруымен ғұлама, ойшыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың қара сөздері-халық мұрасы» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш өткізілді.


Шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев құттықтау сөзімен ашып, «Абай жылы» университет қабырғасында ұйымдастырылатын шаралар туралы қысқаша ақпарат берді.


Бұл шараға университеттің «Бірлік» Ассамблеясы құрамындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Әлеуметтік психология және өзін-өзі тану», «Психология», «Дефектология», «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері қатысып, Хакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп айтып, ақынның терең философиялық ой-тұжырымдарын өз түсініктері бойынша ортаға салды. Әсіресе, 1-курс магистранты Дәурен Мамырхан, әр ұлт өкілдерінен Балнұр Нұрлыбай, Әсел Жолдасқалиқызы, Мадина Мралиева, Даяна Мұхамеджанова, Дина Жұмағожа, Зарина Қурбанбаева, Айгүл Ярқұл, Дильназ Юсупова сияқты 1-2-курс студенттерінің Абайдың қара сөздеріне терең бойлап, кеңінен талдай білгендері көпшіліктің көңілінен шықты. Олар өздерінің адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруда қай тұстарынан өнеге алатындарын нақты ашып айта білді.


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жетекшісінің орынбасары Зәуреш Сабырова, Филология және көптілді білім беру институты директорының орынбасарлары Ерлан Қасенов және Алмас Найманбаев, профессор Жаңалық Балтабаева және т.б оқытушылар өз пікірлерін айтып, кештің модераторы болған ҚХА кафедрасының меңгерушісі Гүлжихан Шаһарманға және «Бірлік» Ассамблеясының мүшелеріне ризашылықтарын білдірді. Белсенді қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы