қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
23.11.2017

Хабарландыру


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес студенттер мен магистранттар арасында үздік бейне роликтер, мақалалар мен "құпия сатып алушы" жобаларының байқауын жариялайды!
Байқаудың мақсаты: білім саласында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

 

Бейнероликтерге ұсынылатын тақырыптар:


1. Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
2. Жастар - жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!;
3. Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!;
4. Парасыз қоғам - ұлт болашағы!;
5. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы!


Байқаудың шарттары:


● байқауға кез-келген жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады;
● бейнеролик ұсынылған тақырыпқа сай нақты бір мәселеге арналуы тиіс;
● бейнероликтің ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы тиіс.

 

Мақала жазу жобасына ұсынылатын тақырыптар:


1. Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат;
3. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам;
4. Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ;
5. Парасыз қоғам - ұлт болашағы;
6. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Байқаудың шарттары:

● байқауға кез-келген жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады;
● көрсетілген тақырыптан басқа да тақырыптарды алуға;
● жобаның көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

 

Ескерту:


● Байқау жеңімпаздарын арнайы қазылар алқасы анықтайды;


● Бейнероликтер 2017 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.

 

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер бейнероликтерін 2017 жылдың 30-қарашасына дейін sailau.orazov@mail.ru электронды поштасына немесе екі данамен мына мекенжайға жолдауы тиіс. Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы, 555, 201 бөлме. Байқауға қатысушы міндетті түрде өзінің аты-жөнін, мекен жайын, телефон нөмірі мен электрондық адресін көрсетуі тиіс.