Main
News
21.02.2020 «Алыстан сермеп, жүректен тербеп...» әдеби-сазды кеші
2020 жылдың 20 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті, Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Алыстан сермеп, жүректен тербеп...» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
Кешке университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, ректор кеңесшісі Көпжасар Нәрібаев, тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенова қатысты.
Әдеби-сазды кешті бірінші проректор Мақтағали Бектемесовтің адамзаттың ақылманы Абайдың шығармашылығына арналған алғы сөзімен ашылды. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздар қауымы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әніне айтылған хорға доцент Светлана Балагазова дирижерлік етті. Институт студенттері ақын өмірінен бір үзік сырды сахналаса, ұлттық аспаптарымыз қылқобыз, жетігенмен орындалған күйлер кеш сәнін асқақтата түсті. Кафедра оқытушыларының ақын өлеңдерін жеті тілде жеткізген «Абай әлем тілінде» видеоролигі де қатысушыларға ерекше әсер берді. «Ұлы дала қыздары» этно-эстрадалық топтың орындауындағы «Ел-жер-ана» әнінен кейін институт студенттері Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен кеш шымылдығын жапты. Қазақ халқына ғана емес, күллі әлемге аты шыққан Абай атамызға арналған әдеби кеш мазмұнды, мағыналы әрі мәнді өтті.
Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы |