қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.03.2020

Бірінші курс студенті өзінің «Тағылым тамшылары» өлеңдер жинағын ұсынды


Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология және көптілді білім беру институтының бірінші курс студенті Бағжан Бақбергенұлының «Тағылым таңдалары» алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Оның шығармашылық кешін О.Добосынов атындағы ақындар орталығы ұйымдастырды.

 

Тұсаукесерге ақын және композитор Камнұр Тәлімұлы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, «Балдырған» журналының бас редакторы Керім Елемес, белгілі айтыскер Даубай Қанайұлы, жазушы, журналист Жексен Алпартегі, университеттегі ұстаздары, әріптестері мен туыс-туған, дос жарандары қатысты. Аталмыш кеш қонақтары Бағжанның өлеңдерін талдай отырып, олар жас ақынға үлкен үміт артқандықтарын атап өтті.


Осылайша, О.Досбосыновтың ізбасары Бағжан өзінің университетінде бір белесті бағындырды.

 

   

 

   

 

Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы