қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.03.2020

Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай О. Досбосынов атындағы жас ақындар орталығының өкілдері қазақтың ұлы ақынына арналған ескерткішке барып, гүл шоқтарын қойды.


Іс-шараға журналист, жазушы Жұмаш Арғынбаев, «Ұлағат» баспасының директоры, ақын Манарбек Ізбасаров, «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры, деректі кинорежиссер, жазушы Доктырхан Тұрлыбек, О.Добосынов атындағы жас ақындар орталығының директоры Шұғайып Сезімхан, фототілші Нұрманбет Қизатұлы және біздің университеттің жас ақындары қатысты. Ескерткіштің жанында студенттер Жамбылға арналған өлеңдерін оқыды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы