қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.04.2020

Арнайы білім беру кафедрасының қашықтықтан оқытуы

 

   

 

ҚР Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындары коронавирустық инфекция қауіпіне байланысты онлайн-білім беруге ауысты. Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылары да қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар беретін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту форматына көшті.


Арнайы білім беру кафедрасының профессор-оқытушылары қашықтықтан оқытуда тиімді заманауи құралы ZOOM және Web WhatsApp, Web Telegram, Skype, UNIVER 2.0 және электронды пошта бағдарламаларын қолдануда.

 

Осы замануи бағдарламалардың көмегімен оқытушылар студенттермен байланысқа шығып, кері жауап алуда. Сонымен қоса ақпаратты меңгеруге қосымша материалдар мен өтілген тақырыптарды бекіту үшін тапсырмалар берілуде. Оқытушылар студенттермен күнделікті байланысқа шығып отырады.

 

Ал біздің студенттер мен магистранттар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, оқытушылардың берілген тапсырмаларын бұлжытпай орындауда және де білім берудің заманауи технологияларын белсенді түрде орсан зор қызығушылықпен меңгеріп, қашықтықтан оқытудан өтуде.

 

   

 

   

 

Арнайы білім беру кафедрасы