қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.04.2020

Springer Nature баспасы тегін вебинарлардың сериясын өткізді


2020 жылдың 6-10 сәуірі аралығында Springer Nature баспасы мына тақырыптарда тегін вебинарлардың сериясын ұсынды:

Тақырып 1: Жеке ғылыми зерттеулер үшін мақалаларды қалай таңдауға болады?

Тақырып 2: Scopus және Web of Science индексациясы бар журналдарды қалай таңдау керек?

Тақырып 3: Springer Nature Journal Sugester көмегімен мақаланы қалай таңдауға болады.

Тақырып 4: Шетелдік рейтингтік журналға мақаланы қалай беру керек: жалпы талаптар мен ұсыныстар.

Тақырып 5: Springer Nature баспасына монографияны қалай дайындау және беру.

 

Спикер: Ирина Александрова. Вебинардың басты мақсаты-оқытушылар мен PhD докторанттарға халықаралық басылымдарда жарияланатын ғылыми жұмыстардың санын арттыруға көмектесу.

 

Вебинарға Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен PhD докторанттары қатысты. Вебинардың қатысушылары халықаралық баспаларда ғылыми зерттеулерді жариялау туралы кеңес алды. Іс-шара мақала жазуға қатысты маңызды сұрақтарды қамтыды: негізгі түйін сөздер бойынша, журналдың атауы және зерттелетін жұмыстың тақырыбы бойынша ғылыми журналдардың көздерін таңдау.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Химия» кафедрасы