қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.04.2020

Жеке қорлардағы ғылым мен гранттық қаржыландыру: ҮЕҰ тәжірибесі

 

2020 жылы 11 сәуірде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-зерттеушісі М.Б. Асанбаев ZOOM платформасында онлайн форматта ғылыми вебинар өткізді. «Жеке қорлардағы ғылыми және гранттық қаржыландыру: үкіметтік емес ұйымның ғылыми-зерттеу тәжірибесінен» тақырыбындағы вебинарға кафедра оқытушылары, магистранттар мен PhD докторанттар қатысты.

 

Вебинар барысында шетелдік және қазақстандық жеке қорлар туралы мәліметтер, олардың білім және ғылым саласындағы гранттық қаржыландыру жүйесі жөнінде сараптама нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ, ізденушінің грант/жобасы неге мақұлданбайды және грант/жоба алуға алғашқы қадамдар қандай деген мәселелер қозғалып, жеке қорлар ғылым мен зерттеушілер үшін қаржыландырудың балама түріне қаншалықты сәйкес деген мәселе қарастырылды. Практикалық тәжірибе тұрғысынан жеке қорлардағы ғылыми және гранттық қаржыландыру тақырыбы бойынша жасалған зерттеулердің қызықты нәтижелері қарастырылды.

 

   

 

 

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы