қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.03.2016

Алғашқы республикалық оқытушы семинар-тренинг


2016 жылдың 25-26 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі "Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес» Кеңес беру орталығы және "Жігер" мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы" қоғамдық бірлестігі (Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен) ҚР-ң жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беру бойынша үйлестірушілер үшін «ҚР-ң ЖОО-да инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» атты алғашқы республикалық оқытушы семинар-тренингін өткізді.
Семинар-тренингті өткізу 2015 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Мүгедектер құқықтары жайлы Конвенцияны жүзеге асырудың жаңа кезеңі болды және 2014-2020 жылдарға әлемнің 30 дамыған мемлекеттер қатарына Қазақстанның кірігуі бойынша Концепцияны жүзеге асыруға жағдай жасады. Оқытушы семинар жұмысында ««Жігер» мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы және ҚҰ «Намыс»», « «Кенес» мүгедектерді кешенді оңалтудың орталығы» мүгедектер қоғамдық ұйымдарының өкілдері, Алматы қаласының қалалық студенттер емханасының алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі, « МЦФЭР - Қазақстан ЖШС сандық баспасы» компаниясы және т.б. қатысты. Мүгедек-студенттерді қолдау үшін көмекші техникалық және оңалтушы құралдардың өте қызықты көрмесін қатысушыларға «СТС Азия Групп» ЖШС мамандары көрсетті.
Семинар тренингке қатысу шақыруына ҚР-ң 30-дан аса жоғары оқу орындарының үйлестірушілері жауап қайтарды, олар секцияларда және тәжірибелік тренингтерде белсенді қатысты. Сонымен қатар семинар-тренингте Алматы қ. химико-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологтары қатысты, олар шараға қызығушылық көрсете отыра Ресурстық орталық мамандарын педагогтар және оқушылар үшін тренинг өткізуге шақырды.
Жоғары оқу орынының басшылығы атынан құттықтау сөзбен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры Ермағамбетов Мүбарак Ермағамбетұлы сөйледі және сөзінде мүгедектігі бар тұлғаларға кәсіби және жоғары білімді қамтамасыз ету біздің мемлекетіміздің саясаты екендігіне қатысушылардың көңілін аударды. Сонымен қатар, ол жоғары және жоғарыдан кейінгі сапалы білім алу мүмкіндігін мүгедектігі бар студенттер үшін қамтамасыз ету үшін ЖОО-да жағдайлар кешенінің ұйымдастыру жоо-ң жалпы білімдік стратегиясының құрамдас бөлігі болуы тиіс екендігін атап кетті.
Қазақстан Сорос Қорының атынан семинар қатысушыларына құттықтау сөзбен Қазақстан Сорос Қоры «Адам Құқығы» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошакбаева және Қазақстан Сорос Қорының білім беру сұрақтары бойынша кеңесшісі Сауле Аманжоловна Каликова сөйледі.
Семинар-тренингтің басты баяндаушылары ретінде Превентивті суицидология және ҚР - ң жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес орталығының директоры, түзету педагогикасы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мовкебаева Зульфия Ахметуәліқызы, сонымен бірге "Жігер" мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы" қызметкерлері сөйледі. З.А. Мовкебаева сөз сөйлеуінде Ресурстық орталықтың негізгі бағыттары мен болашақтағы әрекеті және жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру кезеңінде инклюзивті білім беруді нормативті-құқықтық қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды, мүгедектігі бар студенттер үшін әлеуметтік-орта жағдайларын құру бойынша жоо-ң кешенді жоспарының үлгісі көрсетілді.
"Жігер" мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы" қоғамдық бірлестігінің президенті Юсупджанов Пархат Азатұлының және осы ұйымның вице-президенті Жанысбаев Мадиярдың баяндамалары Қазақстан Республикасында мүгедек және мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдау бойынша қайырымдылық бағдарламаларына шолу сұрақтарын қарастырды, атап айтатыны осы адамдардың белсенді қолдауының арқасында аталған семинар өткізілді.
Көрнекті қоғам қайраткері, «Намыс» Мүгедектер Қоғамдық Ұйымының төрайымы Иманалиев Қайрат Есмуратұлы Алматы қаласындағы білімдік қызметтерге мүгедектердің қожетімділігі бойынша мониторинг нәтижелерімен семинар қатысушыларын таныстырды. Өз баяндамасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға медициналық көмек көрсетудің өзекті мәселелерін Алматы қ., «Қалалақ студенттер емханасының» алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Жұмабеков Нурбол Омарбекұлы жария етті. Семинар қатысушыларында Абай атындағы ҚазҰПУ-і арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Жалмухамедова Асия Қаирқызының (баяндама тақырыбы: «Мүгедектерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің вариативті моделдері (шетелдік және отандық тәжірибе)» және «Кеңес» мүгедектерді кешенді оңалту орталығының директор қызметін атқарушы Алаев Вениамиа Юрийұлының («ЖОО-да мүгедектігі бар студенттердің бас кешетін әлеуметтік мәселелері») баяндамалары үлкен қызығушылықты тудырды.
Шындығында барлығына Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың оңалтушысы (реабилитолог) Жансая Медьярованың «Мир на ощупь» тренингі жаңалық ретінде болды. Тренинг барысында көзінде байлауы бола қараңғыда бағдарланып, түрлі дыбыс және шуды тануға, түрлі заттарды сипап сезу арқылы тануға секілді тапсырмалар жүргізілді. Бұл жерде барлығы бірден жасай алмағандығын атап өту керек. Нәтижесінде барлық қатысушылар көзі көрметін адамдардың қазіргі және өздеріне келтірілмеген әлемде өздерін қалай сезінетіндігін түсіне алды.
Семинардың шарықтау шегі ретінде барлық мемлекет бойынша таратуды жоспарлайтын, мүгедектігі бар студенттердің қолдаудың тәжірибелік-әрекетті моделін ұсынатын мүгедек және дамуында мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдаудың кеңестік-тәжірибелік орталығына(аудитория 508, Қазыбек би көшесі, 30) экскурсия болды.
Тренинг соңында барлық үйлестірушілерге салтанатты түрде сертификат табысталды. 
Екі күн тез өтіп кетті, үйлестірушілер өздерімен көптеген жаңа білім және жағымды әсер алып кетті. Алынған ақпарат өз әрекеттерінде оларға пайдалы болады деген ойдамыз және Ресурсты орталықпен өзара әрекеттесу жемісті және тұрақты ынтымақтастыққа айналады деген сенімдеміз.

 

Превентивті суицидология және ҚР-ң жоғары
оқу орындарында инклюзивті білім берудің
ресурстық кеңес беру
ғылыми-тәжірибелік орталығы