қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.04.2020

«Латын әліпбиін меңгеру технологиялары және оны жүзеге асыру амалдары» вебинары

 

2020 жылдың 22 сәуірінде ZOOM онлайн платформасы арқылы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиін меңгеру технологиялары және оны жүзеге асыру амалдары» республикалық оқу-әдістемелік вебинар өтті.

 

Вебинарда негізгі тақырып бойынша баяндамалар жасалды: Рахметова Р.С. - «А.Байтұрсынұлының танымдық технологиясы арқылы латын әліпбилі қазақ жазуын меңгертудің амалдары», Рауандина А. Қ. - «Мағына ажыратушы дыбыстарды оқыту технологиялары», Дәулетбекова Ж. Т. - «Мән бере оқыту технологиясы арқылы латын әліпбиін меңгертудің ерекшліктері», магистранттардан Мамырхан Д.Е. - «Латын әліпбилі қазақ жазуын модульдік технология арқылы оқыту», Қуандық Г.А.- «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы латын негізді қазақ әліпбиінің емлесін меңгерту», Аймақов Б.Е - «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша латын әліпбилі қазақ жазуын оқытудың жолдары».

 

Вебинарға еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары, атап айтқанда, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университетінен Муратбек Б. К., Карагулова Б.С., Садирова К. К., Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінен Абуова Г.А., Бақбергенов Н.Қ., Есназарова Р.М., КИМЭП университетінен Бекеева Н.Ж., ҚБТУ-дан Дәулетбекова Ж. Т., сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары, магистранттары мен докторанттары қатысты. Вебинарға қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде нәтижелі пікірлерін білдіріп, әр баяндамада айтылған ғылыми тұжырым мен жаңалықтар жайында ой бөлісті. Қатысушылар тарапынан вебинарды ютуб желісіне салу және болашақта онлайн-сабақтар мен ойталқылар өткізу қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.

 

Республикалық вебинарға қатысушыларға сертификаттар берілетін болды.