Әлемдік экономиканың қазіргі үдерістері» семинары
2016 жылы 26 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «Сорбонна-Казақстан» Институтында «Әлемдік экономиканың қазіргі үдерістері» тақырыбында семинар болып өтті. Ұйымдастырушылар: «Сорбонна-Қазақстан» Институтының директораты, «Халықаралық құқық» кафедрасы. Іс-шараның мақсаты: Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары мен студенттерінің экономикалық-құқықтық сауаттылығын жоғарылату.
Семинарға ҚР Ұлттық банкі Төрағасының кеңесшісі Барбара Каменских ханым (АҚШ), Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Семинарды «Халықаралық құқық» кафедраның меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Сабитова ашып, қатысушыларға табыс тіледі. Б. Каменских « Әлемдік экономикадағы қазіргі үдерістер» тақырыбында баяндама жасады. Б. Каменских ханым 10 жылдан астам Орталық Азияда банк жүйесінде жұмыс істейді. Өзінің баяндамасында ол әлемдік экономикадағы жағдайды тұрақтандыру үшін банктер жасап жатқан шараларға тоқталды. Кездесудің соңында студенттер мен оқытушылар Қазақстандағы банктердің қызметтеріндегі өзекті мәселері жайында сұрақтар қойды.
Семинардың соңында экономикалық мамандар кафедрасының меңгерушісі Б. Д. Иманбердиев осы іс-шараның маңыздылығы туралы айтып, осындай жұмыстардың жалғаса беруіне тілектерін білдірді.
Фарида Амангельдықызы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз қызметкері.