Main /
Mass media about us
28.04.2020 Абай атындағы ҚазҰПУ-де дуалды білім беруді жүзеге асыру
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 90 жылдан аса тарихы бар, елдің бірінші жоғары оқу орны. Ал, болашақта посткеңестікте педагогикалық білім беру саласы мен Жиырма бірінші ғасыр мұғалімдерінің дайындайтын жоғары оқу орнының көшбасшысы болып табылады. Педагогика, оқыту әдістемесі және оқыту технологиялары саласындағы озық зерттеулердің нәтижелерін үздік білім беру бағдарламаларына айналдыра, мұғалім мамандығының беделін арттыра отырып, университет бүгінгі таңда ел дамуының қуатты қозғаушы күшіне айналып отыр.
Қазіргі уақытта жас мамандарға қойылатын міндет, заман талаптарына және экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өте жоғары. Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы болып табылады. Осыған байланысты білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды жүзеге асыру үшін, дуальды оқыту жүйесін қолдану керек. Бұндай оқыту жүйесі әлемдік деңгейде кеңінен қолданылады. Қазақстанда біраз уақыттан бері дуалды оқытуды білім беру жүйесіне енгізу үдерісі жүріп жатыр. Дуалды оқыту жүйесі арқылы түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіншіліктері күн санап артуда, өйткені бітіруші жас түлектер жұмыс берушінің талаптарына толық жауап беруде.
Дуальді жүйе оқу үрдісінде теориялық және практикалық дайындықты үйлестіруге мүмкіндік береді. Білім алумен қатар студенттер таңдаған мамандығын тікелей мектептерде практикалық түрде үштастырады. Практика мен теориялардың алмасуы барлық оқу процесі барысында жалғасып отырады. Тәжірибелік дайындық рөлінің артуының арқасында, болашақ мамандар мектептегі проблемаларды оқу барысында профессор оқытушылармен бірге талқылауда.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің осы дәуірдің педагогикалық кадрларын дайындау үшін, атап айтқанда Жаратылыстану және география институтының Химия кафедрасында педагогикалық практикаға дуальді оқыту элементтері енгізілді. Осы мамандықты бойынша бітіруші курс студенттері былтырғы қыркүйек айының 16-ы мен биылғы сәуірдің 20-ы аралығында жалпы білім беретін мектептерде сабақтан қол үзбей педагогикалық практикадан өтті. Дуалды оқытуды педагогикалық практикаға енгізу тиімді оқыту болып шықты, онда практикадан өту кезеңі жұмыс өтіліне қосылады және ең бастысы жұмысқа орналастырудың оңтайлы шарттарын шешті.
Оқудан алшақтамай педагогикалық практикадан өту және оқу жылының қыркүйек айынан сәуір айына дейін ұзақ уақыт бойы университет қабырғаларында алған білімдерін оқу базаларында, кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында жүзеге асыруға, оқу базаларында сол мамандыққа бейімделуге мүмкіндік береді, өйткені жұмыс орнында олардың білім сапасы қызметтік міндеттерді орындаумен тікелей байланысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география институтының Химия кафедрасында енгізілетін мамандарды даярлаудың дуальді жүйесі теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойды; білім алуда жоғары дағдыларды қалыптастырды. Жұмыста білім, мекеме өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды, оқу кезінде болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді. Бұл, бітірген түлектерді кепілді жұмысқа орналастыруға ықпалын жасады.
Қорыта келгенде, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің білім беру үдерісіне дуальды білім беруді енгізу білім, білік және дағдылардың сапасын арттыруға ықпал етеді, соның нәтижесінде білікті де сұранысқа ие маман қалыптасады. Білікті де сұранысқа ие маман, мамандық бойынша жұмысқа тез орналасады. Біздің түлектердің жұмысқа орналасуы, болашақ талапкерлердің мамандық таңдаудағы ойларына ықпал етіп, болашақ студенттер біздің ЖОО-ның педагогикалық бағыттағы мамандығын мақсатты түрде таңдайды.
Авторлары: Жазира Мұқатаева, химия кафедрасының меңгерушісі; 28.04.2020 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz
|