қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.04.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ-да дуалды білім беруді жүзеге асыру

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 90 жылдан аса тарихы бар, елдің бірінші жоғары оқу орны. Ал, болашақта посткеңестікте педагогикалық білім беру саласы мен XXI ғасыр мұғалімдерінің дайындайтын ЖОО-ның көшбасшысы болып табылады. Педагогика, оқыту әдістемесі және оқыту технологиялары саласындағы озық зерттеулердің нәтижелерін үздік білім беру бағдарламаларына айналдыра, мұғалім мамандығының беделін арттыра отырып, университет бүгінгі таңда ел дамуының қуатты қозғаушы күшіне айналып отыр.

 

Қазіргі уақытта жас мамандарға қойылатын міндет, заман талаптарына және экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өте жоғары. Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы болып табылады.


Осыған байланысты білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды жүзеге асыру үшін, дуальды оқыту жүйесін қолдану керек. Бұндай оқыту жүйесі әлемдік деңгейде кеңінен қолданылады. Қазақстанда біраз уақыттан бері дуалды оқытуды білім беру жүйесіне енгізу үдерісі жүріп жатыр. Дуалды оқыту жүйесі арқылы түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіншіліктері күн санап артуда, өйткені бітіруші жас түлектер жұмыс берушінің талаптарына толық жауап беруде.


Дуальді жүйе оқу үрдісінде теориялық және практикалық дайындықты үйлестіруге мүмкіндік береді. Білім алумен қатар студенттер таңдаған мамандығын тікелей мектептерде практикалық түрде үштастырады. Практика мен теориялардың алмасуы барлық оқу процесі барысында жалғасып отырады. Тәжірибелік дайындық рөлінің артуының арқасында, болашақ мамандар мектептегі проблемаларды оқу барысында профессор-оқытушылармен бірге талқылауда.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің XXI ғасырдың педагогикалық кадрларын дайындау үшін, атап айтқанда Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында педагогикалық практикаға дуальді оқыту элементтері енгізілді. «5В011200-Химия» мамандығы бойынша бітіруші курс студенттері 2019 жылдың 16 қыркүйегі мен 2020 жылдың 20 сәуірі аралығында жалпы білім беретін мектептерде сабақтан қол үзбей педагогикалық практикадан өтті. Дуалды оқытуды педагогикалық практикаға енгізу тиімді оқыту болып шықты, онда практикадан өту кезеңі жұмыс өтіліне қосылады және ең бастысы жұмысқа орналастырудың оңтайлы шарттарын шешті.

 

   

 

Жаратылыстану және география институты